Қылмыстық құқық | Қылмыстық құқықтағы жаза түрлері

Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланған. Конституцияда баян етілген адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, занды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруды қылмыстық заңда ерекше маңызды рөл атқаруда. Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасының өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген жетістіктерге жетті, сондай-ақ мемлекетімізді одан әрі қарқынды дамуына кедергі етіп жатқан теріс құбылыстар да бар. Бұл теріс құбылыстардың бірі – қылмыстылық болып табылады. Мемлекетіміз қылмыстылықпен күрес жүргізуде көптеген шаралар жүргізуде. Дегенмен де қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізудің бірден-бір тәсілі ретінде – кінәлі адамға заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жаза тағайындаумен тікелей байланысты болып табылады. Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар сот тәжірибесінде де, ғылым саласында да көп кездесетін аса күрделі де маңызды мәселелердің бірі. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар қылмыстық құқық теориасындағы қылмыстық жаза тағайындау институтының ең маңызды түсінігі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Қылмыстық заң және оның міндеттері

Кіріспе
Қылмыстық заңның негізгі ұғымдарын, белгілерін, қылмыстық заңның кері күшін, кері күштің ҚР ҚК Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында қолдануға арналған.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаумен бірге елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда түбегейлі өзгерістер жүруде. Жалпы халықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 18 ақпан 2005жылы Қазақстан халқына жолдауында былай деп айтты: «біздің Конституциямыз әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келеді және мойындалады,- деді.
Конституциялық ережелерге және қағидаларға сүйене отырып жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі өзіне қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылатын бірқатар ережелерін қосады. Осы ҚР ҚК бірінші рет іс-әрекеттің жасалу уақыты болып зардаптың туындау уақытына қарамастан қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау уақыты саналады деп көрсеткен.
Сонымен бірге 1959ж. ҚазССР Қылмыстық кодексі алғаш рет неғұрлым қатал заңның кері күші болмайды десе, ҚР ҚК сәйкес сотталынған адамның жағдайын нашарлататын жағдайға немесе заңға кері күш болады дейді, соның ішінде жазаны өтеген немесе жазаны өтеп болған, бірақ соттылығы бар адамға қолданылады.
Сонымен жоғарыда айтылған мән-жайлар бітіру жұмысының өзектілігін дәлелдеп тұр. Бітіру жұмысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін танимыз. Сондықтан да қылмыстық заңның кері күшінің ұғымын, қағидаларын білу маңызды....
Курстық жұмыстар
Толық