Қылмыстық құқық | Экономика кылмыс

Кіріспе.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше .Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта операцияларының ережелерін бұзу , мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т.б. жатады.
Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында жасалатын , сауда ережесін бұзу , сапасыз өнімдерді і сату, жалған кәсіпкерлік , монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіпі зор.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьектісіне нарықтық экономика жағдайларында , Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьективтік жағы қасақана , заңға қайшы белсенді әрекеттер мен сиппаталады .
Экономика аясында қылмыстардың субьектісі мемлекеттік кәсіп орындарда , мекемелерде және ұйымдарда экономикалық , шаруашылық міндеттерді атқаратын , сондай- жеке кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа толған азаматтар болып табылады.Экономикалық қылмыстардың субьективтік жағы қасақана сипатта жасалады.Олардың қылмыстарының себебі- материялдық мүделілік. Олар өз игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зия келтіру есебінене пайда тауып , жасайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Меншікке қарсы қылмыстар

Кіріспе
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің негізінде міндеттерінің бірі болып табылады. (ҚР ҚК-нің 2-бабы). Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 жөне 1926-жылдардағы қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары солай деп аталған. Бұл екі түсінік бірдей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке қүқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл қылмыстар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп. Бөтен мүлікті ұрлау мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешеімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі тиіс. Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және, ең бастысы, қылмыстарды дүрыс саралауға бағыт береді.....
Курстық жұмыстар
Толық