Қазақ әдебиеті | Ы. Алтынсариннің өмірі, педагогикалық мұрасы

Кіріспе
Әрбір елдің өзіндік тарихы, дәстүрі, тілі болады. Яғни, қазақ халқының дарыны Ғұмар Қараш айтқандай: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды... Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзінен-өзі белгілі. Әдебиеті жоқ елдің өнері де өркен жаймайды».
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі әдеби білім тұжырымдамасында былай деп көрсетеді: «Әдебиет оқушы зердесіне замана келбетімен өмір тынысын жеткізетін халқымыздың көркем тарихы. Ұлттық рухани санаға тәрбиелейтін, тіл үйрететін оқушының адам мен қоғам туралы түсінігі мен тәжірибесін байытатын, әрі реттейтін өмір оқулығы». Демек, әдебиеттің жеке пән ретінде оқытыла беруін қадағалап, оны оқыту әдістерін үнемі дамытып, жандандырып отыру қажет.
Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі білімділік маңызын дамыту мақсатында білім беру жүйесінде соңғы уақытта біршама жұмыстар жүргізілді. Олар:
• Оқу материалдары қайтадан жаңартылды;
• Білім мазмұны адамгершілікке, ізгілікке, эстетикалық талғамға бағытталды;
• Бағдарламалар тәжірибелік тұрғыдан өткізілді;
• Әдебиетті оқытудың жаңа нұсқалары жазылды; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ш.Айтматов шығармашылығы «Жанпида» романы

І. КІРІСПЕ
Ш.Айтматовтың жас кезінде әкесі мен анасының тәрбиесінде заман ағысымен орыс тіліне, орыс әдебиетіне, орыс балалар әдебиетіне ден қоюы, оның қиялына қанат бітірді. Екінші жағынан, әжесі Айымқан Сатанқызы, сол кісінің қызы Қарақыз Айтматова - бірі егде, бірі жас екі жанашыр жақын жандардың Ш. Айтматовтың жас шағындағы аса аяулы қамқоршылары болуы жазушының адамгершілік тұрғысының, шығармашылық ойлауының қалыптасуы мен дамуына зор ықпал етті. Ата-тек, ата-баба тарихына, ауыл-аймақ шежіресіне, ертедегі аңыз-әңгімелерге, ертегілерге болашақ жазушы осы екі кісіден қанып өседі, ана тілінің ажарын, сұлулығы мен байлығын, көңілді тербеп, көзден жас ағызатын құдіретін осы жақындарынан таниды. Халықтың ғасырлар бойы сұрыпталып, тазарып, жетіліп, ақырында саф алтындай асыл құндылыққа айналған рухани байлығын, дәстүрлі мәдениетін, салт-дәстүрін, сөз өнерін бойына сіңіріп өскен жастың ұлттық сана-сезімі де осы кезеңде қалыптаса бастаған еді. Жазушының шығармашылығы үшін мұның маңызы жоғары болды.
Жазушының әжесі дүниеден озады, 1937 жылы әкесі, партия қызметкері, Мәскеудегі Қызыл профессура институтының тыңдаушысы, репрессияға ұшырайды. Бала Ш. Айтматов әкесінің қарындасы Қарақыз Айтматованы пана тұтады.....
Курстық жұмыстар
Толық