Қазақ әдебиеті | Ы.Алтынсарин ұлы - Педагог, Ағартушы

КІРІСПЕ
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», - деп атап көрсеткен. Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек. Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Сондықтан диплом жұмысымды жазуда педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп қойдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | М.Х.Дулатидың өмірбаянына шолу

М.Х.Дулатидың өмірбаянына шолу
М.Х.Дулати –қазақтың есімі әлемге машһұр тұңғыш тарихшы, ғалым, кемеңгер ойшыл, аса дарынды қаламгері, әдебиет зерттеушісі, этнограф.
Ұлы ғылымның әкесі Мухамед Хусейн кезінде моғолстан мемлекетінде билушісі болған Сұлтан Махмұд ханның туған қарындасы Хуб Нигар ханымға үйленген. Дәлірек айтсақ, Хайдар Дулатидың анасы Хуб Нигар ханым-Моғолстан әміршісі Жүніс ханның кенже қызы. Ал Жүніс ханның тұңғыш қызы Михр Нигар ханым-аты әлемге әйгілі Захриддин Мұхаммед Бабырдың анасы.
Сонымен, Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд күйеу баласы Мұхаммед Хусейнге Ташкент маңайындағы Ора төбе өңірін сыйға тартты. Міне сонда Ташкент шаһарында 1499ж Хайдар Дулати дүниеге келді.
Хайдар Дулати -өз заманы үлесін аса терең білім алған ғұлама адам. Тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша оған дәріс берген ұлы Бабыр, Сұлтан Сайдхан сияқты орта ғасырдың аса көрнекті ғұламалары еді.
М.Х. Дулати өз дәуірінің белгілі ақыны
Жыр қадірін жектік білетін атақты Бабыр патша кезәнде Хайдар Дулатидың ақындық дарынын аса жоғары бағалаған. Жиын –тойларда Дулатидың лирикалық өлеңдері әуенге салып айтады екен.
Ақын өлеңдерінің негізгі идеясы адамгершілік, сүйіспеншілік, достастыққа адалдық болып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | М. Бекімов және пушкинтану ілімі

К І Р І С П Е
Әрбір ұлы ақын – қашанда мәңгілік және бүкіл адамзаттық құбылыс. Оның өмірінде бір-ақ мезгіл болады. Ол – туу мезгілі. Уақыттың өзге қатал заңдары оның алдында дәрменсіз. Сондықтан да ол уақыт өткен сайын белгілі бір кезең мен жеке халықтың аясынан ұзап, әлемдік биікке самғай көтеріліп, өзінің соны сипаттарын әр кез және баршаға бірдей аша, ақтара түседі, жаңара, жасара береді. Ол әр адам үшін де, әр буын үшін де – қашан да ерекше жаңалық, жаңа бүтін бір дүние, өзгеше көркемдік дүниесі, шексіз–шексіз өнер мұхиты, поэзия мұхиты. Сондықтан да ол әрқашанда қандай қауым мен халықтыі да жүрегіне тікелей жол тауып, оның ең сүйер ұлы, ең сырлас замандасы болып кетеді. Оны әр ұрпақ өзінше оқиды, одан әркім керегін табады. Өйткені әрбір ұлы ақын бүкіл адамзаттық көтереді, оларды мәңгі ескірмес жаңа тұрғыда ғана шешеді, бейнелейді. Әлемдік поэзияның өрісін кеңейтіп, оған өлшеусіз зор үлес қосқан, адамзаттың көркемдік ойын батыл ілгері дамытқан Александр Сергеевич Пушкин осындай ұлы ақын еді.
Пушкиннің ақындық данышпандығын табиғатта тек күнмен салыстыруға болады. Ақын Пушкин әдебиет әлеміне келісімен оған дейінгі онан кейінгі және өзімен тұстас өзге ақындар екінші, үшінші қатарға ығысып, күн шыққанда өзге жарық денелердің күңгірт тартып көрінбей кететініндей, ұлы ақынға жол береді. Сонымен қатар оның тағы да бір елден ерек, қайталанбас қасиеті - арады қанша уақыт өткеніне қарамастан өзінің нұрлы сәулесін өзінен кейінгі әдебиетке заманалар биігінен түсіріп келеді. Сол себепті де А.Луначарский: «Пушкин - орыстың көктемі, пушкин – орыстың жарқырап атқан таңы, Пушкин – орыстың Адам - атасы. Италияда Данте мен Петрарка, Францияда ХVІІ ғасырдың алыптары, Германияда Лессинг, Шиллер, Гете не жасаса, Пушкин біз үшін соны жасады» дейді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары.

Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Қ.А.Яссауидің өміріне байланысты көптеген аңыздар бар. Өйткені халық жақсы көрген адамдары туралы кей нәрселерді тым асырып айтады. Бүл барлық қоғамда кездесетін жағдай. Біз тарихи жағдайларға сүйене отырып, Әзіреттің өмірін қысқаша баяндаймыз.
Қ.А.Яссауи Сайрамда дүниеге келді. Туылған жылы нақты белгілі емес. Бірақ көптеген тарихшылар 1093 жылы деп белгілейді. Әкесі Ибраһим ата ғалым, анасы Қарашаш деп аталып кеткен. Айша-Бибі:
Айша-үлгілі отбасының қызы болған. Екеуінің мазары Сайрамда. Сайрамның ескі аты -Испиджап болған. Қ.А.Яссауи кішкене жасынан әкесінен ілім ала бастаған. әкесі қайтыс болған соң әпкесі-Гауһар шахназбен Яссыға кетеді. Яссы-Түркістанның ескі аты. Яссыда Арыстанмен кездесіп біршама уақыт соның тәрбиесінде болған. Арыстанбап оның екінші әкесіндей болған кісі. Арыстанбаптың мазары Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде орналасқан. Қ.А.Яссауидің өмірінің көбісі Яссыда өткені үшін Яссылық мағынасын беретін Яссауи деп аталып кеткен. Яссауи сол дәуірдің ілімі мен рухани орталығы болған Бұхарға барады. Ол кезде жасы 20-ның үстінде болған.....
Курстық жұмыстар
Толық