Қазақ әдебиеті | Шәкәрім және оның заманы

І тарау. Шәкәрімнің тұлға ретіндегі қалыптасуы
1.1. Шәкәрімнің тұлға ретінде қалыптасуы.
1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Ата-анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді жасынан сырқат болып, 37 жасында дүние салған. Ол кісі әділетті, жұртына қамқор, ел дауынан сырт жүретін өте кісілікті жан болған. Ақынның өз шығармаларындағы өмірбаяндық деректерге сүйенсек, оның бал дәурен балалық шағы жеті жаста әкесінен жетім қалғанына қарамастан, ,беделді де, дәулетті қажы атасы Құнанбайдың саясында сүйкімді немересі болып, уайым қайғысыз, емін-еркін, тоқшылық баршылықта өтіпті. Ақын ағасы Абайдың ықпалымен 16— 17 жасында Шәкәрім өлең жаза бастады. Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену, үйрену, оқу бағытында Құнанбай қажы ауылында қалыптасқан өнерлі ортада өтті, яғни ұлы Абай ұйтқы болған өнер - білім мектебінің шәкірті болып өсті; сөз өнеріне, қол өнеріне, музыка өнеріне төселіп тәлім-тәрбие алды, үлгі-өнеге көрді. Шәкәрім осы тұста жазу жұмысымен біржолата айналысып кете алмады. Жиырма жасқа толар-толмаста Шәкәрім ел басқару жұмыстарына араласып кетті. Жастықтың қару қайратын ел ішіндегі қарым-қатынастарды қалыпты күйге түсірмекке жұмсамақ болды. Сайлауға қатысып, шарға түсіп болыс болып та сайланды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шаханов поэзиясының әлемі

М. Шаханов поэзиясының әлемі
Қарағайға қарсы бiткен бұтақтай, қазақтың маңдайына бiткен шыншыл да қайсар ұлы М.Шаханов шығармаларының iшiнде ұлт рухына, ел намысына соқпай кететiндерi кем де кем. Өзiнiң жасында жырларымен-ақ ұлт санасын оятып, күңгiрт көңiлге сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдiгiмiздiң керегесiн кеңейтiп, ертеңiмiзге жол салатын бiрден-бiр құрал. Ақынды жаңашыл ақын деймiз, қоғамымызда елең алып жатқан өзектi мәселелер мен өмiр толғаныстарына терең берiлiп, шиеленiстердi шешуге белсене бел буған ақынның ар намысы мен солмас рухы оның жалынды жырларында көрiнiс тапқан.
“Дұшпан күлдiртiп айтар, дос жылатып айтар” дейдi халық даналығы. Халқының мiнiн бетiне басып, қатаң сынға алу арқылы ақын елiн ойлануға шақырады. Космополит қазақтар өлеңiнде ақын Ғабиден Мұстафиннiң мынадай сөзiн эпилог ретiнде алған “Бiз бұрын ұлтшылдықпен күрескенбiз, ендi ұлтсыздықпен күресер жағдайға жеттiк.” Жалпы кейiнгi кезде жарық көрiп жүрген өлеңдерiнiң бәрiнде ақын космополит қазақтармен, компьютер басты жарты адамдармен, дiнсiз, дiлсiздермен күресiп жүргендей. Ұлт тiлiне терең көңiл бөлiп өзiнiң жалынды да намыс атты шарпыған өлеңдерiнде ақын бүкiл халықты өз тiлiнде сөйлеуге үндейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | М.Мақатаев шығармашылығы

Қазіргі қазақ әдебиеті күллі әлем әдебиетініңсапынан елеулі орындарының бірін иелейді. Әдебиетіміздің жетекшісі артып, саласының бірі-поэзиясының эстетикалық байлығы артып, көк жиегі кеңіді. Әдебиеттің даму кезеңдеріндегі әрбір дәуір бір ақынды туғызады десек, қазақ ақындарының әрқайсысы өзінше қайталанбас творчестволық тұлға ретінде жеке дара көріне алады. Сондай талантты ақындарымыздың бірі-Мұқағали Мақатаев.
ХХ-ғасырдың қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен орын тепкен ақын.
60-70 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясы жөнінде сөз қозғай қалсақ, поэзия өкілдерінен Қ.Мырзалиев, Сағи Жиенбаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов секілді өзгеше таланттар есімін атамай өтуге болмайды. Осы толқындар ішінде М.Мақатаев бар. М.Мақатаев-қазақ поэзиясына, әсіресе қазақ лирикасының философиялық мазмұнын айырықша байытып, өмір тіршіліктің мұңды, сырылы шындығын аса шебер жырлап, қазақ өлеңінің шоқтығын біршама биік деңгейге көтерген дара дарын. Дәлірек айтсақ, Мұқағали-қазақ поэзиясында ерекш құбылыс. Оған Әбділда Тәжібаевтің «Бізде енді поэзия дәуірі басталды. Сол ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы»,- деген пікрі айтылып жүр.
Қазақ лираикасының көркемдік өрлеуі 60-70 жылдардан бастау алды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | «Манас» жырының зерттеу

ШОҚАН ЖӘНЕ «МАНАС»
1. «Манас» жырын жазып алу тарихынан. «Манас» - тарихи заманнан таулы Азия қыратында ұрақтан–ұрпаққа мұра болып келе жатқан қызықты жыр, қырғыз халқының айтулы мұрасы. Бұл жырды алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, оны әдебиет дүниесінің белгілі бір кеніші еткен жас ғалым Шоған еді. Бірақ Шоқан жазып алған «Манас» жырының қырғыз тексі көп заман ғылымға белгісіз болып жатты. Бұл нұсқаны жарыққа шығаруды шығыс әдебиетін зерттеуші ғалымдардың талай талап еткен еді, алайда өкінішке орай оның сәті түспеді. Өйткені Шоған нұсқасы көп заман қою тұман астына батып, ұшты– күйлі жоқ болды. Шоқан еңбектерін бірінші болып баспаға дайындаған Н.И.Веселовский, 1902 жылы, 21 наурыз күні, археологиялық қоғамның шығыс бөлімі мәжілісінде ғалымдарды Шоқанның «Манас» жырынан аударған үзіндісімен таныстырып, жырдың қырғыз тексінің жоғалып кеткеніне қатты күйзелген болатын. «Көкетай ханның ертегісі» деп аталатын бұл жырды тегінде Шоқан түгел аудармаған және бұл аударманың өзін Г.Н.Потанин болмағанда табу оғай емес еді. Аударма Шоқанның ескі досы К.К.Гутовскийдің үйінен табылды. «Көкетай ханның асы» деп аталатын бұл үзінді аудармасын Н.Н.Веселовский қысқаша түсініктермен шығыс бөлімінің журналында жариялады. Одан кейін Шоқаннаның аудармасы баспадан бірнеше рет шығып, Еуропа ғалыдары «Манас» жырымен ең алғаш осы арқылы танысты.
Археология қоғамынының жиналысында Н.И.Веселовский ең алдымен түркі тілдес елдердің халық әдебиетіне біраз бөгеліп, оның ерекшелігі, мазмұны, көркемдік қасиеті туралы сөз көтереді, содан кейін Шоқанның аудармасы бойынша «Көкетай» жырын оқиды. Жиналыста отырған шығыс әдебиетін зерттеуші ғалымдар ынта қоя тыңдап, жырға жоғары баға береді. «Шоқан орыс тілін қандай шебер қолдана білген.....
Курстық жұмыстар
Толық