Қазақ тілі | Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі

Кіріспе.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жеке еге¬мен ел болғалы он бес жылды еңсеріп қал¬дық. Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, дегенмен де ел болып еңсе көтер¬ген халық үшін аз да саналмайды. Аз ғана уақыт – 15 жыл өз тезінен көп дүниені өткізіп, өзгертті. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында былай деген екен: “Тіл байлығы елдің елдігін, жұрт¬шылы¬ғын, ғылыми әдебиетін, өнеркә¬сі¬бін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәс¬түрі¬нің, мұрасының қай дәрежеде еке¬нін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөл¬шері”. Яғни, қоғамның дамып өз¬ге¬руі, мәдениетінің өркендеуі тіл дең-гейімен таразыланады. Сондықтан да біз тілге баса назар аударуымыз қажет.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: “Қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлессін” деп атап көрсетіп еді. Шынымен де, қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлес¬пеуі көңілге қонымсыз-ақ жайт....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тілі пәнінен оқушылардың теориялық ойлауы

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері

КІРІСПЕ
Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады.
Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуі үлкен рөл атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білімге деген ынтасын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Бағдарламаға сай қазақ тілі материалдары оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара-қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық