Қазақ тілі | ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АУДАРЫЛУЫ

КІРІСПЕ
Фразеологизмдер тіл-тілдің бәрінде бар құбылыс және бұларды
тілдің бөлекше бірсипаттыгы, шырыны мен сөлі таусылмайтын дәмді элементтері деп айтуға болар еді. Тілдің байлығы,тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі дегеніміздің айрықша көрінер жері осы фразеологизмдер маңы. Ойды әсемдеп айтуды үйренудің мектебі осылар. Сөзіңіз нақты, дәлелді болсын десеңіз, халықтың хас туьндысы-айрықша сөздер тобының тамырын басыңыз. Сонда ғана сіз тілдің қасиеті деген не, байлығы деген не сияқты сауалдарға нақты жауап бере аласыз (Ө.Айтбаев). Қай елдің, кай жазушысының қай шығармасын алсаңыз да тілдің осы халықтық элементтерінің сан түрін табуға болады. Яғни қаламгерлердің қай-қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын пайдалануға бейім. Осының өзінен-ақ ғылымдағы фразсологизм проблемасының мейлінше кызық, мейлінше қиын проблема екенін байқау қиын емес. Осыларды ғылыми проблема ретінде қарастыратын әр алуан еңбектердің сөлін сүзсек, мұның не қилы мәселелері айқындала түседі екен. Біздің зерттеп отырған жұмысымыздың тақырыбы: "
ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АУДАРЫЛУЫ" ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Термин сөздер және олардың қалыптасу жолдары

Кіріспе
Әлемдік қауымдастық Қазақстан Республикасын демократиялық және зайырлы мемлекет ретінде таныды. Кез келген елдің мемлекеттілігін айқындайтын негіз қалаушы фоктор оның тілі болып табылады.
Көп ғасырлық тарихы бар қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты оның қоғамдық маңызы арта түсті. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік – қоғамдық функциясын дамытуда, оның қолданылу аясын кеңейтуде ұлттық терминологияны реттеудің, жүйелеу мен дамытудың ерекше маңызы бар. Ұлттық тілді дамытуда мүдделі өркениетті тіл саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде териминология проблемаларына үлкен мән беріледі. Германия, Франция, Ресей сияқты елдерде терминология комитеттерінің, комиссиялары мен қоғамдық институттарының жұмысы жолға қойылған. Олар өздерінің терминологиялық жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру жөніндегі қызметін мемлекеттік деңгейде жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар терминологиялық жұмыстардың негізі салалық ғылыми - әдістемелік бағыттарын да айқындайды. Бұл ретте нысаны жағынан айрықша мән беріледі. Қазақстан тілдің өзара іс – қимылын, тіл құрылымын, оның ішінде терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі қызметте халықаралық қатынастардың тең құқықты субъектісі ретіндегі тәуелсіз мемлекет бола отырып, әлемдік тәжірибенің неғұрлым оң үрдістерін тиімді пайдалануға тиіс. Тәуелсіз мемлекеттің тілді дамыту саласындағы ғылымы елдің барлық рухани – мәдени өмірінің оң ілгерілеуіне және прогресіне сәйкес келуі тиіс. Қоғамдық өмірдің маңызы салаларында қолданылуы аясын кеңейтуді талап ететін мемлекеттік тілдің қазіргі жай – күйі, оның даму перспективалары ұлттық терминологияның даму деңгейімен, оны реттеумен, жүйелілігімен, тұрақтылығымен және оның қолданылу аясының ауқымымен өзара тығыз байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстарын жүргізу

Кіріспе
Бастауыш мектепте жазу жұмыстарының жүйесін белгілеу өте маңызды. Онсыз оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге де, сауатты жазуға да үйрету мүмкін емес.
Жазу тілі сауаттылықты қажет етеді. Бастауыш мектеп оқушыларын дұрыс жазуға үйрету үшін, олардың есту сезімдеріне, сөйлеу аппараттарына, көру сезімдеріне, қол қимылы мен ой қызметтеріне ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені, жазуға үйретуде олардың әрқайсысының маңызы зор. Мысалы, белгілі бір сөзді қатесіз, дұрыс жазу үшін оны ести де көре де, айта да, жаза да білу керек және оның қалай дұрыс жазылатындығын есте сақтай да білу қажет.
Бастауыш сынып оқушылары әліппе кезеңінен бастап, естіген сөздерінің дыбыстық құрамын ажыратып, әр дыбыстың әріптерін қағаз бетіне дұрыс түсіріп бере алатындай дәрежеде болулары керек. Егер ауызекі сөздерді дұрыс ести білуге дағдыланбаса, оқушыларға емле ережелерін үйрету қиынға соғады.....
Курстық жұмыстар
Толық