Қазақ тілі | Тұрақты тіркесті мезгіл пысықтауыш

Ι ТАРАУ
Пысықтауыш және оның зерттелуі
Түркологияда Н.К.Дмитриев, М.Балақаев, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова пысықтауышты арнайы сөйлем мүшесі ретінде қарастырса, Г.Д.Санжеев пен Л.П.Поцелуевский пысықтауышты формалық белгісінің негізіне сүйеніп және тек үстеу үшін арнайы сөйлем мүшесін қарастыру қажет емес дейтін пікірді негізге ала отырып, пысықтауышты сөйлем мүшесі деп танымайды. Қазақ лингвистикасында А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Х.Басымов, Ә.Ермеков, М.Томанов, Т.Сайрамбаев, т.б. ғалымдардың пысықтауышқа қатысты еңбектері бар. Ахмет Байтұрсынов: «Тіл құрал» атты еңбегінде пысықтауышқа қатысты былай дейді: «Пысықтауыш сөздер деп амал пысықтау үшін айтылатын сөздерді айтамыз. Сөйлем ішінде әр нәрсенің амалын көрсететін сөз баяндауыш. Сондықтан пысықтауыш сөздер баяндауышты пысықтайтын сөздер болып шығады. Бұлар баяндауышты қалай пысықтайды? Әуелі баяндауыш көрсетіп тұрған амалдың мезгілін айтып, екінші орнын айтып, үшінші сынын, сыйқын айтып, төртінші себебін айтып, бесінші мақсатын айтып пысықтайды. Сондықтан пысықтауыш сөздердің өзі бес топқа бөлінеді:....
Курстық жұмыстар
Толық