Қазақ тілі | Тіл біліміндегі үнемдеу заңдылығы

Кіріспе
Қай тілдің сөздік құрамындағы сөздерді алып қарамай, олардың барлығы да бір белгілі бір қызмет атқаратынды, тілдік жүйеде белгілі бір орын алатындығы анық. Бірақ, тіл элементтерінің өзара қатынасы өте күрделі және бірнеше қатпарлы байланысты тұрады. Сондықтан сөздердің мағынасына қарай да, тұлғасына қарай да, түрлену ерекшелігіне қарай да, сөйлемдегі синтаксистік қызметіне қарай да бірнеше жолмен топтастыруға болады. Кейде осы белгілердің бірнешеуінің басын қосып күрделі бір категория етіп, сөздерді жинақтау дәстүрі де кездеседі. Қазіргі тіл білімен тән алынып, көпшілік граматика авторлары мойындаған сөз табы осы бірнеше белгілерге сүйенген сөздердің күрделі тобын қамтитын лексика - граматикалық катеория болып саналады. Тарихи грамматика мәселесімен қызыққан авторлардың барлығы дерлік көмекші сөздің бір кездерде толық мағыналы атаушы сөз болғандығын мойындайды.
І. Көмекші сөздердің дамуы мен қалыптасуы.
Тарихи грамматика мәселесімен қызыққан авторлардың барлығы дерлік көмекші сөздің бір кездерде толық мағыналы атаушы сөз болғандығын мойындайды. А.Ысқақов қазақ тіліндегі сөздерді даму дәрежесіне қарай 4 сатыға бөледі: I) дербес сөз, 2) көмекші сөз, 3) шылау сөз, 4) қосымша. Атауыш сезден қосылмаған дейін даму бір үлгімен дамыған деуге болмайды. Себебі кей қосымшалар этимологиялық жақтан атауыш сөздерге мүлде байланыспай, жеке дыбыстардың қосындысынан да жасалынған. Ал, көмекші сөздердің барлығы да бір кездерде толық мағыналы сөз болғандығы даусыз. Уақыттың, өтуінен байланысты кей көмекші сөздер өздерінің толық мағыналы сыңарынан мүлде алшақтап кетуі олардың тұлғасын және мағынасын (деформания, десамантизацияға ұшырап) сөйлемдегі атқаратын қызметін өзгертіп (дефункцияланып) өзгерткен болуы ықтимал. ....
Курстық жұмыстар
Толық