Экономика | Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру

Кіріспе
XXI ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің коғамдық дамуындағы аса маңызды мәселелердің бipi – меншік қатынастарын жан-жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу бүгінгі таңда негізгі мәселе . Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп қырлы. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің терең және өте мәнді қатынастарын қамтиды. Бүгінгі танда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бipi және пікір-талас туындайтын тақырыпқа айналып отыр.
Нарықтық экономикаға көшу – меншік қатынастарына тікелей байланысты. Өйткені қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір меншік формасы жатыр. Сондықтан нарық қатынастарына көшу кезеңінде оның көптеген объективті мәселелері өз шешімін күтуде.
Қазіргі таңда айқындалып отырғандай, бұрынғы көзқараспен социализм орнату жолында деп есептелінген елдердегі элеуметтік-экономикалық жүйенің күйреуiнің басты себептерінің бipi – мемлекеттік меншік қатынастарының үстемдікке ие болуы. Сол себепті де оларды өзгерту және түбегейлі құру туралы қортынды жасалды. Сөйтіп, бұл проблемаларға қоғам тарапынан өзіндік көзқарас білдipy мәселесі алға тартылып отыр. Бүгінгі таңдағы меншік ұғымының төңірегіндегі пікір-таластарды талдау мен меншіктің нақты әр түрлі формаларын өндірудің мәнін түсіну үшін аталған күрделі проблеманың теориялық негізін анықтау қажет.
Қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінде меншік мәселесі, даму перспективасы ең алдымен көтеріліп, жалпы қозғалыстың, дамудың өзіндік өзегін құрайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедура

Кіріспе
Экономикалық теория тұрғысынан, ел эконмикасынан, ел экономикасының дамуында, мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттің жүйе құрылымы, оны қалыптастырып пайдалану, өте күрделі механизмдер арқылы жасалады. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Сонымен қатар бюджеттің құрылымы, жалпы елдің мемлекеттік құрылымымен тікелей байланысты болып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет, бүкіл ел дамуының қаржы негізі пайда болады. Бюджеттің екі түрі бар:
1.республикалық (мемлекеттік) бюджет;
2.жергілікті бюджет.
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі дегейден – мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеративтік мемлекеттерде, штаттардан (АҚШ), жерлердің өз бюджеттері болады. Оған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | «Қайсар -Сүт» ЖШС еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау

КІРІСПЕ
Адам ресурстарын басқару мемлекеттің қандай жүйе бойынша дамып келе жатқандығына қарамастан, оның шешуші қызметі болып табылады. Әрине, бұл Қазақстанға да қатысты мәселе. Сондықтан ұйым қызметкерлері жұмысының нәтижесін дұрыс бағалай білген жөн.
Дамыған елдерде бұл мәселені зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та «мамандарды (қызметкерлерді) басқару» пәні 200-ге жуық жоғарғы оқу орнында оқылады. Жапондықтар өздерінің өмір сүруін табиғи ресурстарға емес, адам ресурстарына байланысты деп түсінеді және де олар өздеріндегі ең басты байлық адам деп есептейді.
Өз қасиет белгілеріне қарай адам ресурстары басқа ресурстардан өзгеше болып келеді және ол ұйымды басқаруда негіз бола алады. Сондықтан, ұйым қызметкерлерінің жұмыс нәтижесін бағалауға ерекше көңіл бөліп, бағалау әдістерін жан-жақты білу керек. Себебі, бұл мәселе тек біздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл жер шарында маңызды мәселе болып табылады.
Бұл тақырып қазіргі Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары қалыптасу жағдайында өте маңызды, көкейкесті және қызықты тақырып болып табылады. Себебі еңбек нәтижелелігін бағалау тікелей олардың жалақысымен байланысты, ал жалақыға байланысты барлық мәселелер соңғы жылдары қоғамда шиеленіскен реакция тудырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Әлемдік социологияның дамуындагы классикалык, кезең

1. Әлемдік социологияның даму ындағы классикалық кезсң
Социологияның ерекшелігін түсіну үшін оның XIX ғасырдың алғашқы жартысында нақты тарихи жағдайда, Франция мен Англияда капитализм тұрақгы орнаған кезде және қоғам туралы білім алмаған "үшінші'' топтың (сословиенің) пісіп жетілген кезде пайда болғанын ескеру қажет. Социологияның жеке гылым ретінде тууы психологияның, антропологияның. қүқықтың жеке салаларынын/жөне т.б.- ның дамуымен байланысты болды. Социологияньш қалыптасуына ағылшын жөне неміс нүсқаларындағы немістің клаосикалық философиясы, саяси экономикасы, сондай-ақ қоғамды қайта қүруда жаратылыстануга үқсас қүрылған, объективті жөне нақты жаңа өлеуметгік ғылым жетекші роль атқаратьшдақтан, Сен - Симон мен Фурьенің социалистік теориясы әсер етті.
Соииологая Европа елдерінде бір кезде туған жок. Қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық, рухани күйінде бір ғасырлардағы АҚШ - тағы сияқты әлеуметтік идеяларды сыртан қабыддауға немесе "өзіндік" әлеуметтік ойларьн дамытуға даиын болуы керек еді. Сондықтан социологияның қалыптасуына қоғамдық-ғылыми дәстүрлер, нақты елдердегі рухани әрекет ерекшеліктері, мәселені қою тәсілі мен мөдени қүндылықтар сипаты маңызды рөль атқарады. Сондықтан да неміс социологиясы, американдық социология мектебі, француз социологиясының дәстүрлері туралы айтылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Бирманың XVI-XIX ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Оүңтүстік Шығыс Азиядағы орналасқан Бирма мемлекеті бүкіл адамзат тарихында елеулі орын алады.Себебі бұл мемлекет кезінде көптеген қиыншылықтар кездесті. Алғашқы кезде мұнда көрші алып Қытай мемлекетімен талай жылдар бойы тәуелсіздік үшін күрес жүргізді. XVI ғасырда Португалдықтар кейін ғаламдықтар келк бастады.Португалдық Бриту XVII ғасырдың басында Сирианда мемлекет құрды. XVII ғасырдың I ширегінде Таунгу әкімі Анаупхелун бүкіл Бирманы қайта біріктірді де, Аваны астана жасады. XVII ғасырдың 40 жылдары Таунгу мемлекеті ыдырап, бірнеше феодалдық иеліктерге бөлінді. Мондар Пегу мемлекетін қалпына келтіріп, 1752 жылы Аваны жаулап алды да, Таунгу әулетін ⁿқұлатты.
Бирма Мон күресіне Бирма жағалауын жаулап алуды көздеген ағылшындар мен Француздардың Ост – Үнді компаниялары қол сұқты. XVIII ғасырдың ортасынан бастап Бирмалықтар елді түгел біріктіріп, феодализмді дамыту жолына түсті. 1752 жылы конбаундар әулетін құрушы Бирманың ұсақ феодал Алаунпая монғолдарға қарсы Жоғарғы Бирмада көтеріліс жасады.
Мінекей, Бирманың кішкене болсын тарихын келтіре тұра мен тақырыптың өзектілігін осыдан туу керек деймін ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктің құқыктық даму және оның тарихи аспектілері

КІРІСПЕ
Банктің пайда болуы
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» - үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банк өтімділігінің тәуекелділігін басқару әдістері

1 ТАРАУ. БАНКТІК ӨТІМДІЛІКТІ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІ
1.1 Банктік өтімділікті басқарудың теориялық негіздері
Көптеген ЕДБ үшін өтімділікті басқару міндеті маңызды болып табылады. Өтімділік бойынша туындайтын мәселелер жоғары пайда түсіретін банктерде де болуы мүмкін.
Банк ұжымының тіршілігі үшін ең маңыздысы тімділік немесе активтер көбеюін қаржылыландыру мүмкіндігі және мерзімі келуі бойынша міндетін орындау болып табылады. Сондықтан, өтімділікті басқару – банкте жасалатын ең маңызды жұмыстың бірі.[1]
Өтімділік – бұл өте күрделі және ең негізгі факторлардың бірі. Ол банктердің сенімділігін және қаржылық жағдайын анықтайды, сонымен қатар банктердің өз міндеттемелерін қажетті мерзімде, өз уақытында жабуды қамтамасыз ете алатын қабілетін анықтайды.
Өтімділік термині – жеңіл өтімділік, сату, материалдық құндылықтың ақшалай құндылыққа айналуы және Коммерциялық банктің «Тіршілігі»- нің негізі ең алдымен оның өтімділігінде. Өтімділік нарықта нарық бағасымен қанша мөлшерде актив сатылатынын көрсетеді. Өтімділік нарығы - нарыққа қатысушылар нарық бағасына еш айтарлықтай ықпалсыз қыруар көп және тез арада жұмыс бекіте алатын нарық. [2]
Осылайша, екінші деңгейлі банктің өтімділігінің негізі ретінде банктің аздап кешігіп, өзінің қаржылық қажеттіліктерін өз уақытында қамтамасыз ету қабілеті барын түсіну керек.....
Курстық жұмыстар
Толық