Экономика | ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НАРЫҚТЫҚ СИПАТЫ

КІРІСПЕ
Әкімшілдік-әміршілдік экономика; экономиканың нарықтык моделі, экономиканың аралас моделі, нарықтық механизм, биржа, аукцион, баланстанған нарық, ұлттық нарық, монополиялық және олигополиялық нарық, аймақтық нарық, салалық нарық, ресми нарық, көлеңкелі нарық, қызмет атқаратын нарық, сатушы нарығы, сатып алушылар нарығы, еңбек нарығы, тұрғын-үй нарығы, өндіріс кұрал-жабдығы нарығы, қаржы нарығы, қарыз капиталының нарығы, бағалы қағаздар нарығы, патентгік, лицензиялық, ойлап-тапқыштық нарыктары, акпараттық нарық, нарық қызметтері, нарықтық экономиканың субъектілері, нарыктық экономиканың инфрақұрылымы.
1. ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НАРЫҚТЫҚ СИПАТЫ
«Меншік теориясы мен экономикалық жүйе моделдері» такырыбында адамның коғамда өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың үш моделі қалыптасқандығын айтқанбыз. Олар: а) жоспарлы-нұсқаулы; ә) нарықтық; б) аралас болып келеді. Жоспарлы-нұскаулы экономика жағдайында шаруашылықты үйымдастырудын әкімшілдік-әміршілдік механизмі ендіруші үстемдігіне негізделген. Мұндай жағдайда нарықтық инструмент кажет емес. Тауар өндіруші мен түлъшушылардьщ арасындағы шаруашылык байланысы орталық орган арқылы жоспардың кемегімен жүзеге асады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Монополиялар түрлері, түсінігі, ерекшеліктері

Кіріспе
Монополия (грек. monos — жалғыз және poleo — сатамын) — 1) бір нәрсені иемденуге немесе қандай да бір іс-әрекетті орындауғы деген ерекше құқық; 2) капитализмге тән белгілі бір саладағы билік; 3) бір заттың мемлекетке, ұйымға, фирмаға, жеке адамға және т.б. жинақталуы.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда монополиялық державалар өз мемлекетінде немесе дүние жүзінде бәсекелес компанияларға қиындық туғызуда. Ал бәсекелестік болмаса, онда алға даму да баяу жүретіні белгілі. Тұтынушылардың олардан шегетін негізгі зияны — компаниялардың қалауынша қойылатын бағалар. Бағалар еркіндігі де бәсекелестіктің болмауынан туады. Осының салдарынан тұтынушылардың таңдауы да шектеледі. Ал бұл өз кезегінде елдің әлеуметтік жағдайы жағынан нашарлауын көрсетеді. Монополиялық билік ұсыныс пен сұранысқа да үлкен әсерін тигізеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындалуда. Бұл елдің отандық өнім өндірушілерінен жоғарғы деңгейдегі дайындықты талап етеді. Егер елде тек монополиялық компаниялар болса, онда олардың бәсекелестікке төтеп бере алуы мүмкін деуге болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру механизмі

Кіріспе.
Қазіргі заманғы кез келген қоғамның экономикалық құрылымының қалыптасуы мен дамуында алғы, анықтаушы рольді үкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты шеңберінде жүзеге асатын мемлекеттік реттеу алады. Мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең маңызды механизмдердің бірі қаржылық механизм- бсты тізбегі мемлекеттік бюджет болып табылатын, қоғамның қаржылық жүйесі. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет ақшалай қаражттардың орталықтандырылған қорларын құрады және орталықтандырылмаған қорларға, мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерді артқаруға мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, әсер етеді. Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттік реттеу жүйесінің негізін кірістерді қайта бөлу жөніндегі қатанас құрайды.
Тоқсаныншы жылдардың басынан бастап Қазақстан Републикасында жүргізіліп келе жатқан экономикалық және саяси реформалар мемлекеттік қаржы, ең алдымен бюджеттік жүйеге әсерін тигізді. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің ресурстарын мобилизациялау және жұмсаудың басты құралы бола отырып саяси үкіметке экономикаға әсер етуге, оның құрылымдық қайта құруларын қаржыландыруға , экономиканың басым секторларының дамуын ынталандыруға, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуге нақты мүмкіндік береді.
Бюджет - қайта өндіріс процесін жүзеге асырудың маңызды құралы және алғы шарты болып табылады. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыуға, қоршаған ортаны сақтауды қамтамаыз етуге, ғылыми-техникалық прогресті ынталандыруға, қорғаныс қабілетін ұстауға, басқалай мемлекеттік қызметтерді атқаруға жағдай жасайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы

КІРІСПЕ
Берілген курстық жұмыстың тақырыбы болып, «Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы» таңдалды. Жоғары технологиялар мен төңкерістік зерттеулер дәуірінде халықаралық экономикалық қатынастардың бұл саласы өзекті болып табылады. Қызметтің бұл түрі бұрын мемлекетіміздің немқұрайлы көзқарасында болғандықтан, Қазақстанда лицензиялар мен ноу-хаудың шетел елдермен саудасының тиімді құрылған жүйесі жоқ. Соған қарамастан, Қазақстанның лицензиялардың халықаралық экспорты мен импорты бойынша дамыған елдер деңгейіне көтерілу мүмкіндігі бар, өйткені бүгінгі күні мемлекет экономикасының өркенді дамуы үшін бұл өте қажет.
Қазіргі кезде лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасына әлемнің барлық дерлік елдері қатысады. Қатысу белсенділігінің деңгейі, ең алдымен, экономика дамуы мен ғылыми-техникалық мүмкіншіліктері арқылы анықталады. Сондықтан, лицензиялар мен ноу-хаудың әлемдік саудасының 90%-ы өнеркәсіпиік дамыған Батыс елдеріне келеді. Бүгінгі күні өндірістің ғылыми сыйымды салаларында, өнімдері әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті барлық белгілі өндірушілер шетелдің жетістіктерін пайдаланады немесе өз жаңалықтарын нарықта лицензиялар ретінде ұсынады. Сондықтан, отандық техника мен ғылым саласының дағдарысы жағдайында елімізде лицензиялық қызметті белсендіру үшін тұрақты база және қуатты негіз құрылуы тиіс.
Осының бәрі есепке алынып, курстық жұмыстың келесі мақсаты анықталды: лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасын қоғамдағы экономикалық қатынастардың саласы ретінде қарастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары

Кіріспе.
Ақша - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп құнның толық және жойылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі, бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі - ақша пайда болды.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика| Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдалану

Кіріспе.
Дүние жүзі елдері өмір сүруді қамтамасыз ету, тіршілік әрекетінің барабар және тиімді амалдарын қолдану проблемаларын шешуге деген өз ұмтылыстарында өркениеттін көш-керуеніне тартылған. Әлем дамуы жағынан бүгінде кең спектрді қамтиды, ол жоғары дамыған және дамушы елдерден, бай және кедей халықтардан тұрады.
Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзін бұл қатардан дербес көрсете алмады.Тәуелсіздік алғаннан кейін республиканың алдында ол дербес мемлекет болып қалыптаса ала ма,егер солай болса ,онда оның орны қайда болуы керек деген тұрғыда таңдау жасау міндеті тұрды.
Қазақстан әу бастан-ақ өзінің дамуында меншіктің негізгі нышандарымен қабысқан және өзара ықпалдасқан бәсекелестікке негізделген әлеуметтік бағдар ланған экономикаға қол жеткізуді мақсат ететіндігін жариялады.
Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсетілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқаның айқындады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы компаниялардың капитал құрылы

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайларында компаниялардың өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында компаниялар қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені компаниялардың өз иықтарына жүктеп отыр. Компаниялардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, компаниялар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының халықаралық сауда

Кіріспе.
Халықаралық сауда – мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бәрақ тек ХХ ғасырда ғана жүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.
Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрлымына тәуелді. Егер ХІХ ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгң уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-пен 1/3-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3 өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды;....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының монетарлы саясаты

Кіріспе
Қазақстан Ұлттық банкі монетарлы саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.....
Курстық жұмыстар
Толық