Экономика | Экономикадағы банктердің мәні мен рөлі

КІРІСПЕ
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен , оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Экономиканы ақша-неиселi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бiр сөзбен айтқанда экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етудi көздейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Түрлі меншік және шаруашылық нысандары

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының егемендік қатынасқа өтуіне байланысты нарықтық қатынастардың қалыптасып, күннен күнге дамуының алғышарты жоспарланған мемлекеттік меншікті жеке немесе ұжымдық меншікке айналдыру қажеттігі болып табылады.
Меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айрықшылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. Оларға:
1) жеке иемдену нысандары;
2) ұжымдық иемдену формалары;
3) қоғамдық иемдену нысандары жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні

КІРІСПЕ
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ал мұндай жоғарғы дамуға қол жеткізу және Қазақстан Республикасының бастан кешкен дағдарыстық жылдарды артқатастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау, дамыту, ынталандыру шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық саясаты болып табылады. Бұл саясат өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің негізінде, оның жоспарлары мен құрамы, толық қандықамтамасыз етілуімен байланысты болып табылады. Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші аумақтарына шоғырландырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының қаржы нарығы

Кіріспе
Жалпы менің жазған курстық жұмысым «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі» тақырыбын қамтиды. Осы тақырыпта ҚР–ның қаржы жүйесінің қалай қалыптасқанын, қалай дамығаны жайлы жаздым.
Жалпы курстық жұмысым үш бөлімнен, алты тараудан тұрады .
1-ші тарау тақырыбы «Қаржы жүйесін қалыптастырудың теориялық аспектілері». Бұл бөлім үш тараудан тұрады .
1- ші тарау: «Қаржының мәні мен қажеттілігі». Бұл тарауда жалпы қаржыны біз қалай түсінеміз, оның біз үшін қажеттілігі бар ма, оның мәні неде екенін қарастырып жаздым. Сол жерден, қаржы дегеніміз – қоғамдық өнімді бөлу мен қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы екеніне көз жеткіздім . Ал қаржы қажеттігі–ол тауар–ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажнеттіліктерінен туындайды. Ал қаржы мәні – ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Бұл қозғалыстың шарты тауар – ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың, соның ішінде құн заңының іс-әрекеті болып табылады. Сондай – ақ тағы бір айтып кететін мәселе – қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды. Тек тауарлар, көрсетілген қызметтер, еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі жасалады екен.....
Курстық жұмыстар
Толық