Экономика | Шетел валютасындағы операциялар

1.1. Валюталық операциялар жөнінде түсінік.
Валюталық операциялар түсінігініңмазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн.Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:
1) Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
2) Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.
3) Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.
Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялартізімі шектелмейді. Валюталық бақылау жөніндегізаңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі валюталық құндылықтармен және ҚР-ның валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.
Шетел валютасындаорындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында ақшалай есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.
2.2. Валюталық операциялардың экономикалық негіздері.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Халыққаралық валюта қатынастар

КІРІСПЕ
Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықарылық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды өсуімен дүниежүзілік рыноктың қалыптасуы-мен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану және жанандануымен сипатталады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын туындыратын әдістер құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлттаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсуімен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып соның ішінде өзекті саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы еліміз үшін маңызды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттің қаржысын жоспарлау

Кіріспе
Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады. Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет етеді. Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс)......
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Макроэкономикалық көрсеткiштер

Кiрiспе.
1 .Макроэкономика және оның мәселелерi. Ұлттық экономика деңгейiндегi экономикалық айналым моделi.
2. Макроэкономикалық көрсеткiштердiң жалпы сипаттамасы.
3. Жалпы ұлттық өнiм, оны есептеу әдiстерi.
4. 4.Ұлттық есеп жүргiзушiлiк: баланстық әдiс, ұлттық есеп жүйесiнiң әдiс.
5. Экономикалық өсу, оның түрлерi, қарқыны және моделi. Экономикалық өсудiң факторлары.
Макроэкономика грек сөзiнен -үлкен- бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтiн жалпы экономикалық iлiмнiң бөлiмi. Макро және микроэкономика бiр-бiрiмен тығыз байланысты, өйткенi екеуiнiң де талдау пәнi- экономика. Бiрақ зерттеу деңгейлерi екi түрлi. Микроэкономика жеке құрылымдардың бағытын және даму заңдылықтарын талдайды: үй шаруашылығын, фирмаларды, банктердi және т. б. Макроэкономика экономиканы жалпы бiрыңғай қарастырады, оның тұлғалары үкiмет, кәсiподақ, орталық банктер,өндiрушiлер және тұтынушылар жалпы тұлға ретiнде мемле- кет көлемiнде қарастырылады.
Егер микроэкономика және тауарлардың көлемi мен бағасын қараса, онда макро- экономика агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады. Бiр фирманың әрекетi сипаттайтын басты микроэкономикалық көрсеткiштер: пайда, шығындар. Халық шаруашылығын жалпы сипаттайтын басты макроэкономикалық көрсеткiштер: ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнiм, ұлттық табыс, баға деңгейi, пайыз ставкасының орташа деңгейi және жұмыспен қамту.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық бақылауды ұйымдастыру

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын.
Қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің, қайта бөлудің экономикалық тетігі және ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Жал есебінің мазмұны мен маңызы

Кіріспе
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өсуінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқаша субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Менің курстық жұмысым осы жалгерлік есебіне негізделген, соның ішінде қаржыландырылған жал есебі.
Жұмыстың мақсаты:
Қаржыландырылған жал есебінің мазмұны мен мақсатын, оның қолданылуын ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына жету барысында белгілі бір міндеттер қарастырылады:
1. Жал есебінің маңызы мен мазмұны
2. Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік
3. Қаржыландырылған жал есебін қолдану
Жұмыс барысында қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамалары:
Жалдау – бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Әлеуметтік нарықтық шаруашылық

Кiрiспе.
Бүкiл тарихтың оң бойында әрбiр қоғам мынандай iлгерiлi эканомикалық проблемаларға тап болып отыр . Жирманшы ғасырда бiр- бiрiмен бәсекелес екi эканомикалық жүйе - орталықтандырылған үкiмет басқаратын әмiршiлдiк эканомика мен жекеше iскерлiкке негiзделген нарықтық эканомика -бұл сауалға бiр – бiрiмен мүлдем
кереғор екi түрлi тауар бередi . Сөйтседе нарықтық эканомиканың Батыс Европадан Солтүстiк Америкаға және Азияға дейiнгi әртүрлi қоғамдарда айтарлықтай табысқа жеткенiне қарамастан осынау болама эканомикалық жүйенiң iргелi принцптерi мен механизмдерi көптеген адамдарға белгiсiз яғни бұлыңғы күйiнде қалып отыр. Бұлай болуының себебi мынадай нарықтық эканомика дегенiмiз идеология емес адамдар мен қоғамдардың эканомикалық молшылықта тұруына бағытталған әдiстер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен тұтас жүйесi . ....
Курстық жұмыстар
Толық