Экономика | Тауарлы-ақшалай қатынастар

Кіріспе
Қаржы қоғамның өндірістік қатынастарының 1 бөлігі. Қаржы қоғамдық өнімді бөлу және содан кейін қалыптасатын ақша түріндегі қорланудың, қаражаттың қалыптасуын, олардың өндірісті кеңейту мақсатында қоғам мен әлеуметтік кәсіби топтардың, сондай – ақ жеке тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруды зерттейді.
«Финанс» термині алғаш рет 13 – 15 ғғ Италияның сауда қалаларында қалыптасқан. Алғашқы мағынасы «төлем ақы» деген ағымды білдірген. Кейін келе бұл термин халықарлық деңгейде таралып, мемлекеттің ақшалай қаражат қорларының қалыптасуына орай мемлекет пен тұрғындар арасындағы қатынастар жүйесі есебінде қолданыла бастады. «Финанс» терминін алғаш рет француз ғалымы Ж.Боден 1577ж өзінің республика туралы «6 кітап» еңбегінде алғаш рет қолданды. Қаржыны ерекшелейтін негізгі белгілері: Екі субъект арасындағы ақшалай қатынастарды білдіреді.
Осы қатынастар процесінде субъектілер әртүрлі құқықтарды иеленеді. Мемлекет ерекше өкілеттікті иеленеді.
Осы қатынастар процесінде жалпы мемлекеттік ақшалай қаражат қорларын мемлекеттік бюджет қалыптастырды.
Бюджетке тұрақты түрде түсімді қамтамасыз ету мемлекеттің күштеу сипатындағы міндетті салықтар және алымдар формасында жүзеге асырылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық есеп беруді жасау

КІРІСПЕ
Шаруашылық субъектілері меншік иелігінің кез-келген түрлері нарықтық әрекетке түсуші құқықтық тұлғалар,ұйымдармен меке-мелердің барлығында бухгалтерлік есеп жүргізіледі.Меншігіндегі қаражаттары, мүліктері, қорлары,капиталы, міндеттері, өндіріс дайын өнімдері, тауарлы материалдық құндылықтары, негізгі құралдары,
Айналым қаражаттары,сатып алу мен сату өрісі, шаруашылық жүр-гізу өрдісі бар шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жүргізу экономикалық қатынастардың басты мәселесіне жатады.Сондықтан бухгалтерлік есепті күрделі жүйе деп түсінген жөн.
Экономикалық қатынастың барлығы есепке алыну керектігі бух-галтерлікесепке тән мәні мен мағнасына алғы шарт және міндетті түрде орындауға тиісті үрді.Мақсаттар мен міндеттердің нақтылы іске асатындығын есептеп ақпарат жүйесін қалыптастыруда бухгал-терлік есептің атқаратын рөлі өте зор.Сондықтан бухгалтерлік есептің алғы шарты экономикалық қатынастарға мұның өзі теориялық зерттеуге басқарудың тиімді жолдарын анықтауға ақпараттар дайындайтын ерекше құрылым.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның ДСҰ-на кіруі

Кіріспе
Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.
Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.
Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін актуальдылығы өсе түседі. ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін несімен жағымды болады? Біріншіден, басты Қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтардың кеңеюіне байланысты болашақтағы өсу перспективалары өсе түседі. Екіншіден, республика әлемдік нарыққа өз кіруін жеңілдетіп, ДСҰ-ның мүшелерінің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан өндірушілері Уругвай раундында қабылданған міндеттемелер деңгейінде өз қызметтері мен тауарларын экспорттауға мүмкіндік алады. Бірақ ДСҰ-на кіруде Қазақстандағы тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қ.Р. инвестициялық қорлар

Кіріспе.
Дүние жүзі елдері өмір сүруді қамтамасыз ету, тіршілік әрекетінің барабар және тиімді амалдарын қолдану проблемаларын шешуге деген өз ұмтылыстарында өркениеттін көш-керуеніне тартылған. Әлем дамуы жағынан бүгінде кең спектрді қамтиды, ол жоғары дамыған және дамушы елдерден, бай және кедей халықтардан тұрады.
Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзін бұл қатардан дербес көрсете алмады.Тәуелсіздік алғаннан кейін республиканың алдында ол дербес мемлекет болып қалыптаса ала ма,егер солай болса ,онда оның орны қайда болуы керек деген тұрғыда таңдау жасау міндеті тұрды.
Қазақстан әу бастан-ақ өзінің дамуында меншіктің негізгі нышандарымен қабысқан және өзара ықпалдасқан бәсекелестікке негізделген әлеуметтік бағдар ланған экономикаға қол жеткізуді мақсат ететіндігін жариялады.
Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсетілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқаның айқындады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Жер қойнауы туралы түсінік

1.1. Жер қойнауы туралы түсінік.
Жердің сыртқы қыртысы "литесфера" деп аталады. Еның радиусы 15-18 км-ден 80 км-ге дейін болады.
Жер қойнауы дегенде оның сыртқы қабатын, мантиясын және ядросын қосып айтқан дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылымда жер қойнауы дәл, тек оның беткі қыртысын (литосфераны) қарастыру қалыптасқан жер қойнауы пайдалы қазба байлықтардың қоймасы. Адамдар осы күнге дейін олардың тек 10 км-ге дейін ғана орналасқандарын пайдаланады.
Жер қоймауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:
• жанатын отын-энергия қоры - көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек,
• рудалы пайдалы қазбалар - қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б. металдар кендері;
• бейруда пайдалы қазбалар - химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосферит, т,б.), етқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар т.б.
Адамдар өте ерте заманнан бері жер қейнауынан пайдалы заттарды алып пайдаланып келеді. Жер қейнауы әлі толық зерттеліп болған жоқ, жер қойнауындағы минералдық: қазба байлықтар осы заманғы индустриялық өндірістің негізгі шикізат көзі болып табылады. Ауыр өнеркәсіп өнімдерінің 90%-і, халық тұтынатын тауарлардың 20%-і минералдық шикізаттан алынады.
Қазақстан жер қойнауы минералдық қазба байлыққа бай.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банк несиелерін есепке алу

КІРІСПЕ
Халық шаруашылығы мен банктің басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің рөлін көтермей, экономнканы дамыту мүмкін емес.
Уақтылы, толық және обьективті есеп банк жұмысын үнемді жүргізуге, көп шығын болдырмауға, әрдайым резервтерді іздестіруге, пайданы көбейтуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп — бұл құжаттар негізінде құрылған шаруашылық қызметтің біртұтас, үздіксіз өзара байланысқан бейнесі. Банктегі бухгалтерлік есеп ең алдымен өзінің оперативтілігімен ерекшеленеді. Оны мынадан көруге болады. Мысалы, банк мекемесінде бір операциялық күннің 3-4 сағатында (9-13 сағатқа дейін) жүргізілетін есеп айыру, кассалық, несиелік және тағы басқа операциялары сол күнгі аналитикалық есептің құжаты, яғни клиенттің дербес шотында көрсетіліп, күнделікті баланс құру әдісі арқылы бақыланады. Бұл ақша қаржыларының сақталуы туралы, күнделікті ақша айналымы мен есеп несие қатынасының жағдайы туралы жедел ақпарат алуға және ақша айналымы мен несиелік ресурстар айналымын қадағалауға мүмкіндік береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Кіріспе
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО – ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық ннесие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақща шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік – қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті. ....
Курстық жұмыстар
Толық