Экономика | Экономикалық өсу теориясы

Кіріспе
Көптеген ежелгі ғалымдар мен данышпан адамдардың айтуынша өмір деген қозғалыс деп түсіндіріледі. Қоғамның экономикалық өмірі де табиғат сияқты үнемі қозғалыста болады. Бұл қозғалыс сапалық және сандық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер өндірістік қатынастарға ғана емес сонымен еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ал еңбек өнімділігінен өз кезегінде қоғамға қажетті экономикалық игіліктер туындайды. Яғни экономикалық өсу өндірістің және экономикалық игіліктердің өсуі немесе ұлғаюы деген мағынаны береді.
Курстық жұмыста экономикалық өсу теориясы қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес экономиканың толық деңгейде дамуы немесе өсуі үшін мемлекетте өндірілетін ресурстар толығымен және үнемді қолдануы керек. Мұнда ресурстар қатарына тек шикізаттар ғана емес, сонымен қоса экономиканың потенциалы, мемлекеттегі еңбек күші және тағы басқалар жатқызылады. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы мен экономиканы тұрақтандыру саясаты статистикалық немесе қысқа мерзімді факторларға негізделген. Теорияға жүгінсек, толық жұмысбастылық пен ресурстың тұрақты көлемі бар кезде экономика өзін қажетті жалпы ұлттық өніммен (ЖҰӨ) қамтамасыз ете алады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізігі себеп болған: Экономикалық өсу кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның экономикалық өсуне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша, экономикалық өсу тақырыбы өте актуалды болып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ

КІРІСПЕ.
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады.Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шішімді қабылдау үшін негіз бола отырып,тұтынуды,таратуды,айналысты және басқа өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субьектінің күрделі экономикалық тетігін нақты,жақсы жолға қоймайынша,сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорын иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалды ұқыпты жұмсауға,өндіріс қалдықтарын азайтуға,ысырапты жоюға,бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге,оның сапасын көтеруге,өзіндік құнды төмендетуге,қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.Бұл орайда,шаруаға қырсыздыққа,кәсіпорынның материалдық құндылықтарын,ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттар көмегімен шаруашылық жүргізуші субьектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін,экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін,сөйтіп,ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктердің бірі ретінде пайдаланады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Лизинг үғымы және нысаны

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатырған нарықтық экономикалық қайта қүрулар жағдайында жаңа институттардың қалыптасуы мен дамуының қатарына лизинг қатынастары жатады деп айтсақ орынды болып табылады. Лизингтің дамуы инвистициялық қызметтің дамуына бір институты лизинг болып табылуы қазіргі кезде елдің нарық қатынасының жандануына және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жаксаруына оңды әсерін тигізуі толық мүмкін деп сенуімізге болады.
Сонымен қатар лизинг, нарықтық категория ретінде азаматтық-қүқықтық объектісі ретінде толық тәжірибелі және теориялық аспектіде өңдеуден өтпеуі оның толық қолданылуына мәнді тосқауыл болып отыр; 2000 жылы ғана қаржылық лизинг туралы ҚР заңы қабылданды, ал, ҚР азаматтык Кодексіне ерекше бөлімі көрсетілген бапқа сәйкес бір жыл бүрын қабылданды. Лизинг туралы заң базасы жоқ болғандықтан ең бірінші кезекте осыған байланысты салықты әрекет етуші субъектілер лизинғті қолдауға мүдделі болмады.
Лизинг қызметінің түрақты жүмыс істеуінің бір талабы болып лизинг беруші мен лизинг алушы, лизинг беруші мен несиелік үйымдар, лизинг пәнін өңдеуші мен лизинг беруші және басқа да лизингтік операциялық шарттан пайда болған .....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық инвестиция есебі

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .
Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор......
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | КР инвестициялык саясаты

КІРІСПЕ
Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатыменкәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:
• ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді;
• сыртқы инвестиция тікелей және портфельді (қаржынды) болып бөлінеді.
Инвестицияны акционерлік және сақтандыру ұйымдары, сауда банктері, инвестициялық трестер және жеке кәсіпкерлер бере алады№ Негізгі капиталды (қорды) кеңейтуге не орнын толтыруға, мүлік-заттық - өндірістік қорды молайтуға жұмсалған ішкі инвестиция нақтылы деп аталса, ал құнды қағаздар (акциялар, облигациялар т.б.) сатып алуға жұмсалған ішкі инвестиция қаржылы деп аталады.
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ
Бүгіндері дүние осыдан жиырма жыл бұрынғымен салыстырғанда, танымастай өзгерген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ЕДБ несиелік операциялары

Кіріспе
Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкімет те сондай ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынаң қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктің меншікті капиталы

Кіріспе
Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы
2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. .....
Курстық жұмыстар
Толық