Экономика | Фирма шығыны мен кірісі

Кіріспе
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономкалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Микроэкономика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін қалай тағайын-дайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, т.б. зерделейді. Ол кәсіпкерлік қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің үйымдық нысаны және қүқықтық негізі, фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жүмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Меншікті капитал есебі

КІРІСПЕ
Меншік жалпы халықтың санасының өрісі кеңеюінің, экономиканы тұрақтандырудың маңызды факторларының бірі болып табылады, сондықтанда бұл жұмысымда меншікті капиталдың есебіне талдау, талқылау және маселелерді шешуіне байланысты өз пікірлерімді, ой толғауларымды ұсыныс, нұсқау ретінде келтірдім. Сонымен қатар шетелдің озық тәжірибелерінде жүйелеп, жіктеп, саралап жазып қарастырдым.
Өркениеттің әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, осыған сәйкес іс-қызмет атқаратын әлеуметтік құралдың бірден-біреуі меншік капиталының құбылысы болып табылады. Адам сезімін көрінбей-ақ қытықтайтын, оған өріс ашып күйлеңдіретін сиқырлы күш ретінде меншік капиталының тарихы адамзат тарихының жанды ескерткішін көрсетеді.
Еңбек құрал-жабдықтарының дамуына сәйкес еңбек қабілетінің дамуы, сана мен ойлаудың әлеуметтік сипат алуы меншік ұғымын адам болмысымен мәңгілік байланыстырады. Адамның табиғаттан жіктеліп ерекшеленуі, өзара қатынастар арқылы сана-сезім деңгейіндегі таным күші өз қасиеттерін меңгеруіне, одан, өзімдікі, "мен-менікі-меншік" ұғымдарын, "басқалар және бөтендікі" арқылы шектейді.
Біздің отандық әдебиеттерде меншік капиталын субъектілердің, адамдардың затқа байланысты қатынасы ретінде қарастыру кең етек алды. Бұл оның экономикалық анықтамаларымен үндесіп жатады. Ал меншік объектісі (нысаны) ретінде тек заттық түрі бар игіліктерді өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек өніміне ғана тән алынады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Еуропалық валюта жүйесі

Кіріспе.
Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүниежүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Евро айналымға шығаруға

Кіріспе
Еуропаның әр мемлекеті өзінің кеден салығы, валютасы, импорт және экспорт ережелері, қаржылық операцияларды жүргізу заңдары болғандықтан бірігу қажеттілігі туды. 1991 жылдың желтоқсанында мемлекеттер басшылары – Еуропалық бірлестіктің мүшелері Экономикалық және Валюталық Одағын (ЭВО) құру, сонымен бірге бір валюта қолдану жайлы Маастрихт келісімін қарастырып, қол қойды.
Жеті жыл бойғы қарқын дискуссиялардан және қызу дайындалу жұмыстарынан кейін ЭВО жүзеге асырылды. Бастапқы кезеңде оның құрамына 11 мемлекет кірді – Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Финляндия және Франция. 1999 жылдың 1 қаңтарында ЭВОның мемлекет қатысушалары бірыңғай валюта ЕВРО енгізді. Ұлттық валюталар әлі де қолданыста болғанымен, олар өздерінің экономикалық дербестігін жоғалтып, евроның ондық емес номиналдары ғана саналады. Жаңа валютаны шығару процесі келесі екі айда аяқталды, сол уақытта евро банкноттары мен монеталары айналымға шығады да, ал ескі ұлттық валюталар қолданыстан шығарылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Бюджетпен есеп айырысу

Кіріспе
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Бюджетаралық қатынастар

Кіріспе
Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры [1].
Ел бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құралы болып табылады. Кез келген реформаны жүргізу және экономиканы дамыту орасан зор қаржыны талап етеді. Қазіргі кезде бюджет қоғам өмірінің барлық саласын: халық шаруашылығын, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқаруды қамтитын экономикалық реформаны жүргізуге мемлекеттің сыртқы және ішкі ресурстарын жасақтап әрі шоғырландыруға қабілетті.
Бюджет процесіндегі республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады [1].
Бюджетаралық қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктерді шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу ретімен жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржылындыру үшін аумақтарды біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Бәсеке және монополия

Кіріспе
Бүгінгі экономика өзінің негізгі үш субъектісінің өндірушінің , тұтұнушының және өкіметтің өзара іс-қимылымен сипатталады . Қандай да болсын кәіпорын өзінің серіктестерімен нарықтық қарым – қатынаста іс-әрекет етеді . Ал бұл жағдайда тек заманға сай , бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығаратын кәсіпорын ғана жетістікке жете алады .
Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен практиканың әдіс-амалдарын қолдана білудің маңызы зор,сондықтан нарықтық экономиканың ішінде маркетинг елеулі орын алады .
Маркетинг ( ағылшынша - market + нарық , өткіз ) капиталистік кәсіпорындардың өндірістік өткізу және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі ретінде қолданылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық