Экология | Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар

Кіріспе
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қарымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды.
Табиғат - Ана деген сөздің асқақтығы, табиғатқа деген ілтипат-бұл адамнның өзіне көрсетілген құрмет. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауға тиіс. Қазіргі әлемде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәнні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде калып қойды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Ерекше қорғауға алынған территориялар

Кіріспе
Өсімдік ресурстары. Шөлдің сұр қоңыр, сор және құмды топырақтарына эфемерлік-сораңды өсімдіктер жабыны тән. Шөлдің барлық өсімдіктері суды топырақтың ең терең қабаттарынан сіңіруге және аз буландыруға бейімделген. Тамырлары өте ұзын, жапырақтары өте ұсақ немесе тікен тәрізді. Ағаштары сирек, тек аздай сексеуіл кездеседі. Қысқа көк- маусымында эфемерлер мен эфемероидтар өзінің дамуын толық аяқтайды, тұқым түзеді де қуаңшылыққы дейін дейін кетеді. Эфемерлерге шөл қияғы, вайда және тағы басқа жатады.
Жартылай бұталардан жусан, сораң таралған. Сексеуілден басқа фисташкалар, ғасыр (ферулла) кездеседі. Көптеген өсімдіктер дәрі-дәрмектік шикізат болып табылады. Мысалы, дәрмене ішек құртына қарсы қолданылатын сантонин дәрісін өндіру үшін бағалы шикізат. Дәрменені көп мөлшерде пайдаланатын «Шымкентбиофарм» өнеркәсіп орны. Оның қызметіне байланысты дәрмененің қоры кеміп кеткен. Қазір бұл өсімдікке жойылу қаупі төніп тұр. Бұл түрдің таралу аймағы қазір тек Сырдария өзеннің (Отырар ауданы) аңғары ғана болып отыр.
Тақырлы топырақтарда қара сексеуіл, тамариск, сораң өседі.
Құмды дөңдерде ақ сексеуіл, қылша (эфедра), ақшатай (астрағал), айрауық (вейаик) өседі.
Шалғынды және шалғынды-батпақты территорияларда бұталар мен қамысты өсімдіктер таралған.
Қаратау тау жотасының белдеуінде бидайық тәрізділер мен тау ксерофиттері мен саванойдтар таралған. ....
Курстық жұмыстар
Толық