Экология | ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РОЛІ

КІРІСПЕ
Көпке дейін бізде табиғат қана қорғауды қажет етеді, ал оның адамға қатыс жоқ деген түсінік алып келеді. Адам тағдырына қалай болса солай қарау ауыр зардаптарға соқтырды. Қазіргі кезде мемлекет табиғаты, биосфераны қоғау ісін адамның өмірі мен тіршілік ортасын, қоғамның игілігін қорғау деп қарастырды.
Адамның бүкіл өмірі – бұл оның табиғатпен және қоғаммен жанасуы, өзара әрекеттесуі. Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ол өзінің еңбегімен табиғаттың құрамды бөліктерін (жер, су, өсімдік, пайдалы қазбалар) өзінің қажетін, түрлі мұқтажын қанағаттандыруға бейімдейді. Адам айналадағы ортаны өзгерте отырып, өзі де осы өзгерген табиғаттың әсеріне ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің кең көлемде жүретіні соншалық, мұның өзі бүкіл дүниежүзілік көлемде экологиялық проблема тудырды. Бұл проблема қоғам өмірін индустрияландыру мен урбандалу нәтижесінде айналадағы ортаның ластауына, энергетика мен шикізат қорының азаюына, табиғи экологиялық баланстың (биосфераның ішкі өзін-өзі реттеу механизмінің) бұзылуына, адамның шаруашылық әрекетінің қалдықтарымен табиғаттың ластануының нәтижесі ретіндегі энергетикалық зиянды зардаптарға байланысты.
Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде адам құдыреті күшке айналды. Ол тауларды бұзып, өзен арнасын өзгертіп, жаңа көл, теңіз жасап, байтақ шөлдерді жасыл желекті мәдени алқапқа айналдыра алады....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Қоршаған ортаның химиялық ластануы

Кіріспе
Ірі өнеркәсіп орындарының ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз негізделуі және өндірістік қуаттың көп жылдар бойы қарқынды өсуі қоршаған орта тазалығын төтенше ауыр жағдайға алып келді. Осыған байланысты қоршаған ортаның ластануы мен өндірістегі қалдықтардың өсімдіктерге, жануарларға және адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу күрделі де маңызды мәселеге айналып отыр.
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәлімметтер бойынша Республика жерінің 180 мли га немесе 60%-і шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлерді, 185 млн га жайылым және 34 млн га таулы аймақтарды алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га құнарлы жерлердің 180 млн га жер жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ эрозиясына үшырап, 60 млн га топырақ түзданып, 10 млп га жерлер химиялык және радиоактивті заттармен ластанған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Қоршаған орта және адам денсаулығы

Кіріспе
Біздің курстық жұмыстың тақырыбы «Қоршаған орта және адам денсаулығы» болып табылады. Бұл тақырыпты алып отырған себе-біміз, қоршаған ортаның адамдарға әсері,яғни қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар адамдардың денсаулықтары қазіргі кезде мемлекеттер үшін соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін ең басты мәселе болып отыр деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз өздерінің қоршаған орталарын қорғап, адамдардың денсаулығына зиян тигізбес үшін көптеген жағдайлар жасауда.
Жалпы біздің алып отырған тақырыбымыз «Қоршаған орта және адам денсаулығы» және осы тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып қазіргі таңдағы мемлекетіміздегі қоршаған ортаны қорғау, ауаны ластамау, мемлекеттегі адамдардың денсаулығына зиян келтірмеу, ағаштарды кеспеу, және қоршаған ортаны қорғау үшін маңызды жағдайлардың жасалуының жүзеге асырылуы болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Қазақстан климатының ерекшеліктері

Кіріспе
Қазақстанның климаты шұғыл континентті келеді, оның солтүстік аймағының қысы суық, жазы қоңыржай, ал оңтүстігінде қыс онша қатты болмайды, жазы ыстық, қуаңшыл. Бұл температураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз түсуінен байқалады. Жалпы климаттың қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясымен қатар атмосферада жүріп жататын күрделі процестер әсер етеді. Қазақстанның климатына Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массалары көктемнің соңғы, жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі. Орта Азия үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массасы жаз айларында Қазақстан жерінде температурасы жоғары өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Қазақстан климатына Азия антициклонының әсері мол. Қыс кезінде Орталық Азияда қалыптасатын антициклонының әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы орнайды. Сондықтан Қазақстанда «Сібірдің қысы», «Азияның жазы» болады.....
Курстық жұмыстар
Толық