Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасының 1ақша реформасы

ҰЛТТЬІҚ БАНКІ, ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ, МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ПАЙДАСЫ
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік орга¬ны болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді....
Курстық жұмыстар
Толық

Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы

КIРIСПЕ
Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша реформасының негізі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық