Тарих | Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері

Кіріспе
Әңгімелеу және бейнелеу тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Әдістеме бұл оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
Тарихты оқыту әдістемесі өзектілігі – нақты міндетті шешудің, қандай-да бір нақты мақсатқа жету тәсілі болып табылады.
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері-әртүрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды.
Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары төмендегіше айқындалған:
- оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;
- тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту;
- отансүйгіштік, тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;
- халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылықпен құрметін дамыту.
Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда.
Тарихты оқытудың міндеті - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі

Жұмыстың негізгі мақсаттары.
1. Аймақтағы туристік потенциалды дамуына қажетті Шығыс Қазақстан климатын, табиғаты мен мәдени және тарихи ерекшелерін атап көрсету.
2. Шығыс Қазақстан тарихи көрнекі жерлерге жалпы сипаттама беру.
3. Шығыс Қазақстан тарихи жерлеріне туристік маршрут ұйымдастырудағы туристік фирмаға сипаттама беру.
4. Жалпы туризмді дамыту барысында кездесетін проблемалар мен перспективаларды анықтау, «Туризмді дамыту және Мәдени мұра бағдарламасына талдау ».
Диплом жұмысының келесі зерттеу әдістері қолданылады:
- тарихи талдау;
- туристік фирмалар қызметін салыстыру;
- статистикалық зерттеу ;
Бұл диплом жұмысында тарихтық материалдар, әдеби мұралар, газет-журнал мақалалары, заң актілері қолданылады.
Диплом жұмысының зерттеу нәтижесі өлкеде тарихи көрнекі жерлерді дамытудың мол мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол үшін бірнеше іс шараларды дәл қазір қолға алған жөн. Олар:
- тарихи көрнекі жерлерді зерттеу;
- « Тарихи көрнекі жерлерді қорғау » заңын қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орындау;
- оларды мемлекеттік бақылауды ұстап, қорғау;....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қазақ қоғамындағы дәстүрлi құқықтық мәдениет ұғымы

КIРIСПЕ
Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершiлiк иманға және тек өзiне ғана тән ерекшелiктерге толы ұлттық құқықтық мәдениетi бар. Бұл мәдениеттiң бастаулары пәк те мөлдiр, иiрiмi – терең де тұңғиық, түла бойы тұнған дүниетанулық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет. Сондықтан осынау бiр “өтпелi кезең” атты бимәлiм өлiара дәуiрде тұрған бүгiнгi ұрпақтың басты мiндетi – елеусiз қалған осы асыл қазынасына көңiл аударып, оны өгейсiтпей бауыр тарту, сөйтiп заман көшiнен жұққан шаң-тозаңнан арылтып, оны өзiнiң бүгiнгi өмiрiнiң айнымас тiректерiнiң бiрiне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттiк және құқықтық өмiрiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағының қажеттiлiктерiнiң бiрi екендiгiн мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетiн толық игермей, оны өзiмiздiң төл мемлекетiмiз бен құқықтық жүйемiздiң алтын арқауы етпей Республикамызда құқылық мемлекет құрамыз деудiң өзi – “көзжұмбайлыққа” салыну, тарих тағлымына немқұрайлықпен қарау, қазiр жүргiзiлiп және болашақта көзделiп отырған реформаларға пәрмендiлiк пен қуат берер асыл арналарды тануда кешiрiлмес селқостық таныту.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар

Кіріспе
Жонғар экономнкасының негізі орасан зор жайылымдық жер аумағында бытырап жатқан көшпелі мал шаруашылығы болатын. Халық саны бір миллионға жуық, сондай-ақ 0,5 миллион басқа халықтардың өкілдерінен құралды. Әкімшілік және шаруашылық бөлінісі ұлыс болды. Ол отоктардан, жастар мен ангалдардан тұрды. Оток , сонымен қатар әскери құрылым (хошун) болып та саналды. Жоңғарлардың әскери ұйымы ұйымы қазақ жасақтарының әскери ұйымының құрылымна ұқсас болды. XVIII ғасырдың басына қарай Жоңғарлардың негізгі қауымдары Торғауыттар мен дербенеттермен Тарбағатай, Монғол Алтайы Ертістің жоғары ағысы жаңындағы қолайлы жайылымдары алып жатты. Бұл жерде Коряков форпосына дейін қоныстанды Қара ертіспен оның салалары бойында, сондай – ақ Қобда өзенінің алқабында хойоттар тұрды. Чоростар Іле өзенің жоғарғы және орта ағысы мен оның салаларымен алқабын мекендеді.....
Курстық жұмыстар
Толық