Тарих | Хз.Омардың тұсындағы шайқастар

Кіріспе
Алғашқы халиф кезінде Аравияның көптеген аудандарында жалған пайғамбарлар басқарған сепартистік бүлік араб қоғамындағы тайпаның қатардағы мүшелерімен феодал ақсүйектерінің арасындағы әлеуметтік қарама - қайшылықты көрсетті. Араб бұхарасын татуластыруда жаңа жерлерді басып алу саясаты басты құрал болды. Сонымен қатар халыкаралық жағдайда араб шапқыншылығына жақсы әсер етті. 602-628 жылдары бір мезгілде Иран мен Византиямен соғысты. 640 жылы Палестинаны, Сирияны, 640-642 жылдары Египетті, 649 жылы Карфагенді басып алды. 634-651 жылдары ИКанды бағындырып, Сасанид мемлекетін жойып жіберді. VII ғасырдың ортасында араб өскері Хазар жеріне дейін жетті. VIII ғасырдың басына дейін арабтар басып алған жерлерде жергілікті тәртіптің сақталуына мүдделі болды. Себебі күшті қарсылыққа тап болар еді.
Шапқыншылық барысында араб халқының көпшілігі жаңа жерлерге қоныс аударып, ол жердің халқын арабтандырды. Мысалы, Ирак, Сирия, Египет және Солтүстік Африкада осылай болды. Ал Закавказье, Иран және Орта керісінше арабтар жергілікті халыққа сінісіп, тілін, мәдениетін қабылдады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Тарихи өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру

I Тарау Тарихи өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру жолдары.
1.1Өлкетану тарихы бойынша жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау.
Туған өлке деген атаудың қамтитын территориясы бірыңғай бола бермейді.Кейбір мектеп өз ауылы мен төңірегін, мектеп орналасқан қаланы,не белгілі бір ауданын,енді бір мектеп аудан, тіпті облыс территориясын зерттеуді мақсат етеді. Сондықтан мектептегі өлкетану жүмысын шу бастан дұрыс ұйымдастырып, жүмысты мұқият жоспарлаған дұрыс. Әдетте өлкетану жүмысының жоспары мектептің бүкіл оқу-тәрбие жүмысы жоспарының құрамды бөлігі болып саналады және де көбіне сыныптан, мектептен тыс жүмыстар жоспарымен бірге жасалады. Сондықтан сол үлкен жоспармен үйлестірілуі тиіс. Тәжірибеде байқағанымыздай бұл жұмысты көбіне тарих, география, әдебиет пөндері мұғалімдері бірлесіп ұйымдастырады, бұл жұмыс жүргізу үшін қолайлы. Туған өлкенің материалын жинағанда алдымен мектептің оқу-тәрбие жұмысына, тарих және басқа да пәндерді оқытқанда қандай материалдардың қажеттігі ескеріледі және де оларды қайдан, қандай объектілерді зерттеп алуға болатыны анықталады. Осыдан кейін барып тарихи өлкетану жұмысының мақсаты мен міндеттерін белгілеуге болады. Алдымен өлке тарихынан алынатын фактілер мен оқиғалардың төмендегідей талаптарға сәйкес келгені дұрыс:....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Тарих сабақтарында интерактивті оқыту

Кіріспе
Қазіргі алға дамып бара жатқан XXI ғасырдағы коғам үрдістері бүгінгі өскелең ұрпаққа қат-қабат міндетгер қойды. Солардың бірі білім саласында оқушыларға осы заманғы сай білім жүйесі, білім әдістерімен сабақ беру. Яғни бұл орта мектептерде тарих пәнінен сабақ беруде интерактивті оқыту тәсілдерін кодданудың тиімділігі болып табылады. Оқытудың ойындық формасын тарих сабақтарыңда қолданып оқыту оқушыларды сол өтіліп жаткан материалдағы заман кезеңіне тереңірек үңілуге, сол кез лебін сезінуге, белсенді лидерлік етуге итермелейді.
Тақырыптың өзектілігі:
Оқытудың ойындык формасына кіретін әдістерге – рөлдік ойындар, конкурстар, жарыстар, тренингтер, интеллектуалдық шолулар, брейн-ринг т.б. іс шаралар өз кезегінде окушылардың осы пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз Қолданылатын ойын атауларын тізбелесек, олар: «Тарихи шынжыр», «Саяхат», «Жас деректанушы», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Проблемалык полемика», «Тесттік конкурс», «Тарихи сахналық койылымдар», т.б. Қазіргі кезеңнің мектепте тарихты оқытуға көзқарасты өзгертумен сипатталуы осы жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Тақырыптың мақсаттары:
Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін және ойын элементтерін қолданудағы негізгі мақсаттар:
- отандық тарихты оқытудың басымдылық рөлі;....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Ұлттық санамыз оянып, тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын сезініп, халқымыз бастан өткізген белгілі кезеңдерде жаңа көзқараспен қарауға кез келді. Ал ұлттық сана ұлттық тұрмыстың көрінісі. ХVІІІ ғасырдың ортасынан қазақ тарихында отаршылдықтың дәуірі басталды. Қуатты екі елмен іргелес жатқан халық бұл жолға соқпай өтуі мүмкін де емес еді. Жәңгір хан елді бір орталықтан қатал, әскери күш арқылы басқарып отырғандығын білеміз. Хан жеке монархиялық билік жүргізген.
Жұмыстың мақсаты: Менің мақсатым Жәңгір ханның ішкі және сыртқы саясатына сипаттам беру және оның мәнін ашу. Сонымен қатар сол замандағы қазақ халқының басына түскен аласапыранмен Ресей отарлау саясатын баяндау.
Жұмыстың міндеттері:
- Бөкей хандығының құрылуын баяндау.
- Жәңгір ханның таққа келуін, оның саясатын басқару жүйесіне талдау
жасау.
- Сол кездегі Ресей патшалығының жүргізген саясатына сипаттама беру.
- Жәңгір ханның және Орыстардың саясатынан нәтижемен
қорытындыларына зерттеу жүргізу ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Ж. Ақбаевтың тарихи-саяси көзқарастары

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін өз қолына алғаннан кейін «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» деп жариялауы қоғамдық ғылымдар: заң, саясаттану, философия, тарих ғалымдары алдына тың тұрпаттағы жаңа міндеттер жүктеді. Солардың бірі және бірегейі ретінде халқымыздың ұлт болып қалыптасуына, оның үлттық сана-сезімінің оянуына, өзінің дербес мемлекеттілігін жариялау жолындағы күресуінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы процестерге жетекшілік жасаған Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі мен тарихи қөзқарстарын зерттеу деп айтуға толық негіз бар.
Кешегі Кеңес Одағы дәуірінде осы тұрғыдағы тақырыптар терең зерттелмеді, зерттелген күннің өзінде комунистік идеология үстемдік еткен заманда маркстік-лениндік методология шеңберінде ғана қарастырылды. Сондықтан да ол кезде топтық және партиялық принциптер негізге алынып, ғылыми объективтілік мансұқ етілді. Сол сан салалы тарихи процестерді зерттеуде біржақтылықты, бір ғана идеология мен қоғамдық пікірді орнықтыруды мақсат етті. ....
Курстық жұмыстар
Толық