Тарих | Түркиядағы қазақ диаспорасы

Кіріспе.
Жұмыстың өзектілігі:
Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын шет елдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады. Кезінде қазақ жерінен әр түрлі себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» деген атау да берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриант» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының біршама бөлігі өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүріп жатыр.
Жалпы қазіргі кезеңде жаһандану процестері әлеуметтік-этникалық кеңістіктің барлық салаларын қамтуда. Сондықтан қазақ диаспорасы мәселесін зерттеу барысында халықаралық деңгейде маңыздылық танытатын күрделі үрдістерді де ескерту қажеттілігі болды. Ал бұрынғы тұрғыдан алғанда тәуелсіз Қазақстандағы көптеген саяси, мәдени процестер оңды бағытта өрбуде. Осы үрдісті әрі қарай дамыту үшін этносаралық қатынастардың үйлесімді өрби түсуі қажеттілігі бар. Оны қазақ диаспорасын жан-жақты жүйелі зерттеусіз жеткілікті түрде жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар бұл мәселе қазақ халқы тарихында шындықты, әлеуметтік әділеттілікті қоғамда орнатудың бір тетігі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Тарих пәнінің тәрбиелік мәні

Кіріспе
Зерттеудің мақсаты, міндеті: Оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениеті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. Осы мақсатқа сай төмендегі міндеттер алға қойылды.
 Жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру;
 Дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату;
 Өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын,;
 Шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын;
 Тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын;
 Алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.
Зерттеудің құрылымы: Қурстық жұмыс бір бөлімнен құралған. Тарау бес мәселеге бөлінген.
Бірінші мәселесі Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері туралы айтылады.
Екінші мәселесі Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер туралы тереңірек мағлұмат беріледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қазақ-өзбек шекара мәселесі

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кез-келген мемлекеттің мемлекет екендігін айғақтайтын бір дәлел оның шекарасының болуы. Онсыз мемлекет болмайды.
Мемлекеттік аумақ белгілі бір мемлекеттің егемендігіне қарасты жер шарының бөлігі. Мемлекеттік аумақтың құрамдас бөлігі болып құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуедегі кеңістіктер мен оларға теңесетін объектілер жатады /1/. Бұл аумақ шекара сызығымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы 1993 жылғы 13 қаңтардағы заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының шекарасы дегеніміз- Қазақстан аумағының шегін-құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тігінен өтетін үстіңгі қабат» /2/.
Тарихқа көз жүгіртсек осы мемлекет аумағы үшін қаншама соғыстар өткен. Мақсат- жер иемдену. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жерлер дауы сонау тарих тереңіне тартады. Шыңғысхан жаулап алушылығына дейін бүкіл Дешті Қыпшақ даласы мен Орта Азияда түркі тектес мемлекеттер өмір сүріп жатты. Шыңғысханның жаулап алуымен бұл жерлерде Монғол империясының үстемдігі жүрді. XIV-XV ғасырлар тоғысында Орта Азия жері Әмір Темірдің иелігіне өтті. XV ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерінде ыдыраған империялардың орнында ұсақ мемлекеттер бой көтерді....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі. Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында әлемдегі ең алып империялардың бірі – Кеңес социалистік Республикалар одағының ыдырауы нәтижесінде әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттер пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа ұлт өкілдерімен бірлесе, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен өз мемлекетін қайта құрумен айналыса бастады. Қазақстан секілді жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзінің даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары күмәнсіз. Ең алдымен ол ұл тағдыры үшін шешуші рол атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, еліміздің қазіргі және болашақ ұрпағы үшін қымбат. ....
Курстық жұмыстар
Толық