Тарих | Тұрар Рысқұловтың өмір жолы

Кіріспе
Қазақстан республикасы - қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті . тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы – қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт азаттық күресінің заңды нәтижесі. Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.
Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ. ол ұлы белестерден, қиын қыстау асулардан тұрді. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қажетті де қасіретті күрестің тарихын зерттеу қазыргы таңда зор маңызға ие болып отыр.
ХХ ғ. басында Қазақстан Россия империясының отар аймағы еді. Қазақ халқы отарлық езгінің - құқықсыздық пен кемсітушіліктің, ұлттық тәуелсіздіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясат күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан түр беріп, оны жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса саяси ірі жетекшілерінің бірі және бірегейі - Тұрар Рысқұлов болатын.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан

Қола дәуіріндегі Қазақстан
Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға кешу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды1.
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі - жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды.
Қола дәуірінің негізгі ерекшеліктері
Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешілігі -өзі катты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі.....
Курстық жұмыстар
Толық