Саясаттану | Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы.
Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының «Азаматтық бастамадан- жергілікті өзін-өзі басқаруға!» атты Коалициясы
2005 жылдың 20-21 маусымында Алматы қаласының «Алатау» демалыс үйінде конференция өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушы-Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы (PPRC).
Конференция – Сорос- Қазақыстан қоры мен Ашық қоғам
институты ( Будапешт, LGI\OSI) Local Government Initiative and Public Service Refoms бағдарламасының қолдауымен Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының «Жергілікті өзін-өзі басқару» атты
жоба бойынша бірінші іс-шарасы.
Іс-шараны өткізуге мақсат: «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңды әзірлеп, оны жүзеге асыру мақсатында азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктерін арттыру, олардың тәжірбиелерін, идеялары мен ресурстарын жинақтау. Міндеттері:
- Коалицияны құру жөнінде ұсыныс жасау;
- Жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының тәжірбиесін қорыту;
- Коалицияны құрап, оның келешекте атқаратын қызметіне қатысты негізгі принциптер мен әдістемелерді дайындау;
- Үкіметтік емес ұйымдар Коалициясының белсенді тобын сайлау; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Батыс Еропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары

Кіріспе
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Европаның қоғамдық-саяси өмірінде буржуазиялық тәртіптер онан ары нығая түсті. Әсіресе XVIII ғасырдың аяғындағы Ұлы Француз революциясы Европада капитализмнің дамуына мықты серпін берді.
Алайда бұл капиталистік қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмірге ене бастаған буржуазиялық тәртіптерді дворяндық-аристократиялық, феодадцық-монархиялық топтар қаламады, олар өздерінің жоғалтып алған ескі жеңілдіктерін қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бүтіндей комплексін консерватизм деп атау қабылданған. Консерватизмнің ең кеңінен таралған кезі XIX ғасырдың алғашқы ширегі. Социализм мен либерализмге қарағанда консерватизмнің нақты белгіленген тұрақты концептуалды өзегі болған жоқ. Сондықтан да оның саяси-заңгерлік идеялары оқулықта қарастырылмайды. Бірақ өз заманында консервативтік көзқарастарымен кеңінен танымал болған есімдерді ескерген жөн. Олар ағылшынның саяси өдебиетінде Эдмунд Берк (1729—1797), француздарда — Жозеф де Местр (1753—1821) және Луи де Бональд (1754—1840), немістерде — Людвиг фон Галлер (1768— 1854) және Адам Мюллер (1779—1829).....
Курстық жұмыстар
Толық