Саясаттану | Қазақтан және бибітшілік үшін саяси әріптестік

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осыдан дәл он жыл бұрын Қазақстан халқының еркіне сай әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі жабылды.
Біз, қазақстандықтар ядролық полигонды жабу арқылы алапат қарудан өз еркімен бас тартуымыз елімізге деген құрмет пен сенімнің көрінісі деп бағалаймыз. ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас бере алмады, ядролық қарудың «жер бауырлап жылжу» процесін тоқтатуға шамасы келмеді. Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін жандандыруды талап етеді. Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің еліміздің халықаралық сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның қазіргі жаһандық қауіпсіздік жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол қоюы және БҰҰ бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел таңдауының табиғи жалғасы ретінде қабылданды [1].....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның салдары

Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің нығайып, жан -жақты дамуы , адамдардың әлеуметтік тұрмысының жақсаруы, ұлтаралық татулықтың орнауы, рухани мәдениетінің өркен жаюы қашан да имандылық пен ата-бабаларымыз ұрпақтарына қалдырған қағида-ережелеріне байланысты болмағы даусыз. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойына моральдық нормаларға бағынып , арақатынастарын солар арқылы реттеп отырған. Оны еліміздің өткен ата-бабалар өмір салтынан көруге болады.
Кешегі патшгалық саясат пен тоталитарлық басқару әдісі халықты шенеуніктер не айтса, соған көнуге үйретіп , мәңгүрттендіре отырып, ата-бабаларымыздыің өткен өмірін сұрғылт, қаптаған сор , әділдіктен мақұрым ретінде санамызға ұялатып , өзіміз шошитын құбыжық етіп көрсеткісі келді. Сөйтіп , бірнеше ғасырлар бойына созылған бұл дәстүр ұрпағымыздың азуына , ұлттық сананың өспеуіне әсер етті.....
Курстық жұмыстар
Толық