Саясаттану | Біріккен Ұлттар Ұйымы БҰҰ әмбебап ұйым

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. БҰҰ дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебеп халықаралық ұйым. Басты мақсаты – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
БҰҰ-ның Жарғысында бірінші кезектегі мақсат ретінде халықтар арасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбіт өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару агрессиялық және елдердің тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге тойтарыс беру, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу екендігі жарияланған.
БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары – жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Халықаралық тыныштық және қауіпсіздік, қарусыздандыру және қару жарақты жаппай жоюды қажет ететін аумақтарға ұйымдарды қатыстыру БҰҰ мүшесіндегі мемлекеттер үшін маңызды мәселе.....
Курстық жұмыстар
Толық