Салық кодексі | Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді. Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті. Мемлекет басшысы 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Салық кодексінде күрделі, көпқұрамалы міндет – бір мезгілде салық жүйесінің ашықтығын,салық салудағы бейтараптықты, салықтық әкімшілендірудің қарапайымдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп,экономиканың сапалы дамуы үшін ынталандыру жүйелерін құруды тапсырды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Шаруашылық iс-әрекеттерiн реттеудегi салық жеңiлдiктерi

Кiрiспе
Салықтың мәнi мынада: салық, салық төлеушiге мемлекет тарапынан көрсетiлген қызмет көрсетуiнен түскен пайдаға пропорционалды болуы тиiс. Екiншiден, салықтың мәнi салық табыс мөлшерiне байланысты. Мемлекет салықтардың экономикасы дамыту, түрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады. Сонымен салықтардың қажеттiлiгiн қоғамдық дамудың жағдайына байланысты анықталып отырады.
Нарықтық экономика жағдайында салық саясатының негiзгi бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесiн құру және оның тиiмдi қызмет етуiне мүмкiншiлiк беретiн салық механизiмiн iске асыру.
Салық жүйесi- өзiнiң құрамы жағынан бiрнеше компоненттерден түратын күрделi модель.
Салық жүйесi компоненттерiнiң құрамы мынадай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизiмi, яғни салық салу әдiстерi мен жолдары; нұсқаулар мен әдiстемелiк құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметi органдары. Салық салудың әдiстерi мен жолдары, нұсқаулар мен әдiстемелiк құжаттар, салық салуды басқару және салық қызметi органдары. Салық салудың әдiстерi мен жолдары, нұсқаулар мен әдiстемелiк құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негiзгi принциптерi және тағы басқалар салық механизiмiне жатады. Салық жүйесiнiң жақсыда, тиiмдi қызмет iстеуiне салық салу механизiмiнiң тигiзер ықпалы өте зор.
Қазақстан Республикасы бюджетiнiң қалыптасуында маңызды орынды салық түсiмдерi алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салу

КІРІСПЕ
Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезендерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашанда жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарыктық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының рөлі күн сайын артып келеді. Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарлыландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір максат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық