Педагогика | Халық педагогикасының жастарды тәрбиелеудегі рөлі

Кіріспе
Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.
Халық педагогикасының негіздері ғылым жолымен іздестірілмей келгенін ашып айтқан жөн. Өйтксні халық педагогикасы тек өмірлік факті ретінде пайдаланылып, оның ғылыми негізде дамымауына тікелей империялық саясат кері әсер етті. Ал, империя атаулы өз езгісіндегі халықтардың ұлттық тарихының да, халықтық педагогикасының да бой көтеруін қаламайды. Себебі бұл екеуінен халықтың ұлттық санасы оянады.
Жалпы халық педагогикасының негіздері адамның өз бойынан, яғни оның физиологиялық кезеңдерінен құралады. Оның тән құрылысы -биологиялық заңдылықтардың бесігінде тербиеліп шықса, ал жандүниесі - тәрбиелік тәлімнен ғана нәр алады. Олай болса, бала тәрбиесінің физиологиялық өсу кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды. Өйткені баланың өсу жолындағы әрбір кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістері бар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда айналамен танысу сабағын оқытуда балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын тәжірибе үлескісінде еңбекті ұйымдастыру арқылы болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде көп үлесін қосуда.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы бұдан әрі –Тұжырымдама/ мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми –теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конститутциясына, “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Ғылыми туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Қазақстан-2030” стратегиясына, “Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына”, “Білім” мемлекеттік бағдарламасына, баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғарғы білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конвенцияның декларациясына , Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер білім министрлігінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалығы жөніндегі кеңестік конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Біртұтас педагогикалық процесті технологияландыру

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақсандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.
Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны ез қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бірінші сыныпқа арналған оқу әдістемелік құралдар

Бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарына қойылатын гигиеналық және дидактикалық талаптар
Оқулықтың идеялығы, қызықшылығы, қарапайымдылығы, тіл материалдарының, оны беруден әдістемелік аппараттық жоғары деңгейде болуы – әрбір оқулыққа және оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талап. Себебі оқулықтың міндеті – оқытудың әрбір кезеңіне арналған оқу пәнінің бағдарламасында қарастырылған практикалық, оқу және тәрбие міндеттерінің комплексі жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Әрбір оқу құралдарын ыңғайлы, сапалы және сырт көрінііс әдемі болуы керек.
Оқулық заманына қарай дамиды, өзгеріп отырады, сондықтан бұл құбылысты күн тәртібінен түспейді.
Мектеп оқулығының мазмұны мен құрылымына, оның жасалу принциптеріне оқу кешені мен оқу процесіндегі оқулықтардың орны мен роліне, тіл материалының қолдану принциптеріне, елтану принциптерін есепке алуға көрнекілік және иллюстрациялық материалдарды іріктеуге және таныстыруға айрықша назар аударылып, тілді үйрету тәсілдеріне, әдістеріне арнайы назар аудару керек.
Әрбір оқу құралдарына және дидактикалық талаптар қойылады және олар жүзеге асырылады.
Математикаға арналған оқу құралдарының топтамасы....
Курстық жұмыстар
Толық