Педагогика | Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі:
Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Зерттеудің мақсаты:
Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдау, ғылыми негіздерін белгілеу. Және де мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту әрекетін дамыту әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеті: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының көкейкестілігі:
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қазір мектепте оқушы ұжымын қалыптастыру жолдары

КІРІСПЕ
«Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады», - деді А.В.Луначарский. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская: «Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы - ұжым» -деді.
Барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде оқушыларды тәрбиелеу үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол ұжым мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық өмір. А.С.Макаренко баланың ұжымдағы қарым-қатынасындағы қызмет әрекетін ұйымдастыру және салауатты өмір салтын құру, мектеп пен ұжым арақатынасы туралы түсініктеме жазған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш мектепте жеке пәндерді оқыту барысында дамыта оқыту технологиялары

КІРІСПЕ
Егемендікке ие болғалы Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептерінде оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама.
Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол. Дей, тұрғанмен, жаңа үлгідегі мектептер тәжірибесінде өз мақсат – міндеттерін дұрыс түсінбеуден, оларға лайықты ғылыми – педагогикалық негіздің болмауынан бар екенін айта кету керек.
Соңғы он шақты жыл ішінде оқыту процесін ізгіліндіру оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық функциясын арттыру мақсатында біраз шаралар атқарылуда.....
Курстық жұмыстар
Толық