Педагогика | ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДА ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзнектілігі: Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау
- Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру.
- Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
Курстық жұмыстың өзектілігі
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі

Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау және есептеу мәселесі басқарудың тәжірибесі мен теориясының құраушы бөлігі ретінде өзіндік теоретикалық және қолданбалы маңыздылыққа ие болады.
Басқарушылық шешімдердің көбісі тәуекелділік жағдайында қабылданады және оны бірқатар факторлар сипаттайды – толық ақпараттың жоқтығы, қарсы тенденциялардың бар болуы, кездейсоқтық элементтері және тағы басқалар.
Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.
Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі – кәсіпкерлік тәуекелдіктің екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем.
Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді.
Осыдан мынадай шешімге келуге болады – кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек.
Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: «Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу». ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары

І. Кіріспе.
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар.
Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихында маңызды орын алады.
Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.
Осы кездегі өрені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың талдау өкілдері қатысты. Орта ғасырда азамат білімінің молайып, ақыл парасатының жетіліуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі-Қазақстан топырағынан шыққан данышпан перзент Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды.
Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орынын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден – ақ аңғарған сияқты. Сондықтан болуы керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келеді. Олардың ішінде араб-парсы тілінде жажылған: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының мінез құлқы

Педагогика тарихында «қиын» бала ұғымы ХХ ғасырда кеңінен тарала бастады.
Қиын бала мәселесі Г.А. Умананов, Ә.Ж. Жұмабаев, В. В Трифанов, Л.К. Керімов сынды бірқатар қазақстандық ғалымдардың да ғылыми зерттеулерінің тақырыбына айналды. Аталған ғалымдар осы топтағы балалардың мінез – құлық ерекшеліктерін, жүріс – тұрысындағы жат қылықтарды зерттеп, оларды қайта тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Мәселен, Ә. Жұмабаев мектептің «қиын» оқушылар мен жұмыс жүргізу жүйесін жасады, В. Трифанов болашақ мұғалімдерді «қиын» оқушылармен жұмыс жасай білуге дайындау мәселесін көтерді. Ал Л.К. Керімов «қиын» балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын ұсынды. Бұл ғалымдардың зерттеулері қиын оқушылардың пайда болуының бірнеше себептерін ашып көрсетті.
Біріншіден отбасында тәрбие ісіне жеткілікті көңіл бөлінбеуден, яғни тұрмыстағы дау – жанжал, ата – аналарының маскүнемдікке салынуы немесе олардың біреуінің болмауы кері ықпал жасайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық