Медицина | Шымкент қаласындағы эндемиялық бұғақ ауруы

Кіріспе.
Эндемиялық бұғақ аурулары белгілі бір жерде пайда болады. Оның ошақтары көбінесе үлкен таудан аққан мұздан пайда болатын, өзендердің аңғарында және тау бөктерінде байқалады. Мұнымен қатар қазіргі зерттеулерге қарағанда мұндай эндемиялық ошақтар жазық жерлерде де болатын көрінеді. Оның себептері белгілі бір географиялық аудандарда йодтың жетіспеуі, соның арқасында организмде йод алмасу процесі бұзылады. Міне осы белгілер арқылы эндемиялық бұғақ ауру анықталады.Иодтың жетіспеушілігі, әсіресе жасөспірімдер мен балаларға қатты әсер етеді; меңіреулік, құлақ пен тіл байлануы, қолдың тартылуы, қылилық және ергежейлілік ауруларына ұшырайды. Сондай-ақ йод жетіспеушілігі екіқабат әйелдерде түсік тастау, өлі не жетілмаген ауру бала туу қаупін тудырады. Йод жетіспеушілігінен ішті жатқан нәрестенің миы зақымданып, ақыл-есі кем балалар туылуы мүмкін. Сондықтан екіқабат әйелдердің денсаулығын мұқият бақылап, ағзадағы йод мөлшерін бір қалыпта ұстау қажет. Жұмыстың маңыздылығы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Қыз баланың, бойжеткеннің , әйелдің гигиенасы

Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы.
Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі - тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекеленген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар.
Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына,қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек.Әдетте, дені сау,шыныққан, спортпен шұғылданатын жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы өтеді.
Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезінде жабығу сезуі мүмкін. Алайда бұл сырқат емес,қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр физикалық жұмыстарды азайту керек.
Күнтізбе құрып, оған менструация басталу күнін, сосын ұзақтылығын және шамамен жоғалған қан көлемін ( орташа, көп, аз) жазып отырған жөн.Жоғалған қан мөлшерін салма ылғалдануы дәрежесі және оны алмастыру жиілігімен анықтауға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық