Медицина | Эндемиялық бұғақ ауруы

Кіріспе.
Эндемиялық бұғақ аурулары белгілі бір жерде пайда болады. Оның ошақтары көбінесе үлкен таудан аққан мұздан пайда болатын, өзендердің аңғарында және тау бөктерінде байқалады. Мұнымен қатар қазіргі зерттеулерге қарағанда мұндай эндемиялық ошақтар жазық жерлерде де болатын көрінеді. Оның себептері белгілі бір географиялық аудандарда йодтың жетіспеуі, соның арқасында организмде йод алмасу процесі бұзылады. Міне осы белгілер арқылы эндемиялық бұғақ ауру анықталады.
Иодтың жетіспеушілігі, әсіресе жасөспірімдер мен балаларға қатты әсер етеді; меңіреулік, құлақ пен тіл байлануы, қолдың тартылуы, қылилық және ергежейлілік ауруларына ұшырайды. Сондай-ақ йод жетіспеушілігі екіқабат әйелдерде түсік тастау, өлі не жетілмаген ауру бала туу қаупін тудырады. Йод жетіспеушілігінен ішті жатқан нәрестенің миы зақымданып, ақыл-есі кем балалар туылуы мүмкін. Сондықтан екіқабат әйелдердің денсаулығын мұқият бақылап, ағзадағы йод мөлшерін бір қалыпта ұстау қажет.
Жұмыстың маңыздылығы. Мықты-ел болу үшін ең алдымен денсаулық керек. Аурудың жаманы да тамақтан өтеді, амалы да тамақтан өтеді-деп халқымыз айтқандай, ағзадағы йод жетіспеушілігін қалыпқа келтірудің ең жеңіл әдісі-тамаққа йод қосу. Әлемнің бірқатар елдерінде кейінгі 60 жыл шамасында ішетін тамақты йод қосып дайындау жолға қойылған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Фитогормондар

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Жоғары сатыдағы жануарлар ағзасының миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды, сондықтан ол тірі ағза денесі біртұтас болып табылады.
Клеткалардың үйлесімді әрекетін жүйке жүйесінде және эндокрин бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады.
Жүйке жүйесі нейрондардан, жүйке клеткаларынан тұрады, оларда нейромедиатор заты түзіледі, жүйке жүйесіндегі қоздыру, хабар беру осылар арқылы іске асады. Жүйке жүйесі аркылы хабар беру өте тез — миллисекунд ішінде беріледі. Жүйке клеткалары бірімен-бірі өзара тікелей байланысқан.
Денедегі барлық бездерді ішкі және сыртқы бездер деп екі топқа бөледі. Сырткы секрециялық (секреция — сөл бөлу, шығару) бездерінің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі — сілекей) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер).
Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек, ұйқы безінің кей клеткалары, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі немесе эндокриндік бездердің өнімін сыртқа шығаратын өзектері болмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Туберкулез ауруы

Кіріспе
Бір кезде індеттануды өте тар аяда тек қана індеттің таралуы туралы ғылым деп таныды. Шындығында індеттану жұқпалы аурулардың індет түрінде кең таралуын ғана емес, спородия ретінде бірең – сараң жағдайда байқалуын да қамтиды. Керісінше соңғы бір уақыттары бұл ғылымның ауқымын тым кеңітіп, оны жұқпалы аурулар туралы барлық мағлұматтардың жиынтығы ретінде қарастыра бастады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығын /ол шартты түрде «инфектология» деп аталады/ теория жүзінде жасау мүмкін болса да, жұқпалы аурулардың табиғатын зерттейтін барлық пәндерді: микробиологияны, вирусологияны, иммунологияны, эпидемиялогияны, эпизоотологияны, патологиялық анатомияны, патологиялық физиологияны және тағы басқаларын бір ғылым ретінде қарастыру іс жүзінде мүмкін емес.
Қазіргі ветеринариялық жоғары оқу орындарында оқытылатын індеттану пәні біршама дербес, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты үш саладан тұрады. Олар – індеттанудың өзі, жұқпалы аурулар және ветеринариялық санитария. Практикалық ветеринарияда бұларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Індеттанудың өзі індет процессін зерттейді. Ол жалпы індеттану және жекеше індеттану деген екі салаға бөлінеді. Жалпы індеттану індет процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады. Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процесін зерттейді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Қояншық ауруы

1. Кіріспе
1.1. Анықтама
Қояншық ауруы әдеттегі клиникалық байқау және арнаулы зерттеулермен де анықталатын; әртүрлі себептерден болатын, нерв клеткаларының үлкен төптарандағы тым күшті разрядтардың және тағы да басқа кеселдердің нәтижелерінде пайда болатын қайталанатын ұстамалармен көрініс беретін бас миының созылмалы ауруы.
1.2. Эпилептикалық ұстама: оның себептері, әртүрлі формалары
Ұстамалар, соншамалық, аурудың ең бір анықтамалық белгісі де емес. Қысқаша айтқанда, ми клеткаларының өзара ақпарат алмасуы, осы клеткалар шығаратын өте әлсіз әлектр импульстары арқылы жүзеге асады. Қояншық ауруы кезінде, нерв клеткаларының мүмкін, кейбіреунерінің ғана «Қозуы күшейеді. Нәтижесінде импульстар жиіленеді. Осындай қозғыш клеткалардың мөлшері қанудайда бір» шекті массаға жеткенде , тізбекты реакция немесе резонанс: бір клетканың шектен тыс қозуы басқаларының, ал олар өз кезегінде одан да көп клеткаларды қамтиды және т.б. – пайда болады. Тяжеуші механизмдер жылдап өсіп бара жатқан қозуды тоқтата алмайды да, ол бас миының толық «қанды көбігіне» айналады. Бұл кезде естентану болады. Ұстама бірнеше минутқа жалғасады. ....
Курстық жұмыстар
Толық