Математика | Эксперименттік есептер

Кіріспе
Физика – экспеименттік ғылым. Физиканың даму тарихына үңілсек, аса ірі жаңалықтардың көбі эксперимент нәтижесінде ашылғанын көрер едік. Эксперимент физика ғылымдарында негізгі таным әдістерінің бірі болып табылады. Ұлы ғалым М.В.Ломоносов табиғат туралы ғылымдарда эксперименттің маңызы жөнінде былай деген: «Мен тек қиялдан ғана туған мың пікірден гөрі бір тәжірибені жоғары қоямын».
Физиканы оқыту процесінде эксперимент-оқыту әдісі және білім көзі бола алады. Мектептегі жасалатын эксперименттерді физика ғылымындағы іргелі тәжірибелердің қарапайым және көрнекті түрде қайталануы ретінде қабылдау керек. Оқу эксперименттерінің төмендегідей артықшылықтары бар:
- физикалық құбылыстың жүру процесін көрнекі түрде оқушыға жеткіз;
- әртүрлі заңдарды және теорияларды тиімді түрде оқушыларға түсіндіру;
- оларға қоршаған орта жөнінде танымдық информация беру;
- оқушыларда терең және берік физикалық білім қалыптастыру;
- олардың шығармашылық қабілетін және физикалық ойлауын дамыту;
- физикалық шамаларды өлшеу білігі мен дағдысын қалыптастыру және т.б.
Дегенмен, оқу процесінде аталған дидактикалық мақсаттар толық орындалмай жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Математика | Үлес және бөлшек

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңінде барлық әлеуметтік-экономикалық түбірмен өзгеруі білім саласының қайта құруына қажеттілік туғызды. Бұл орайда жүргізіліп жатқан реформалар бұрынғы қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін ары қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды. Алайда егемендіктің алғашқы жылдары бұрынғы жүйенің тамаша жетістігі болып саналатын міндетті өзгеріске ұшырап батысқа көшуге талпыныс жасалды. Ендігі жерде білім беру саласында әлемнің алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемелекеттің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжірибеге арнайы талдау жасау қажет.
Адамзаттың бөлшек сандар туралы түсінігі ерте замандарда –ақ қалыптасқан, сондықтан бөлшек ұғымының пайда болу процесін өте дәл сипаттау мүмкін емес. Бөлшек сандар әр түрлі шамаларды - ұзындықты, массаны, ауданды және т.с.с. өлшеу процесіне байланысты пайда болуы ықтимал. Барлық халықтарда теңдеу бөлуге байланысты бөлімі екіге тең болатын бөлшектер ерекше орын алған.
Бастауыш сыныпта үлес, бөлшек, оларды жазу, салыстыру, санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, санның бөлшегін табу сияқты мәселелер қарастырылады. Балаларды үлестермен танысыру практикалық іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады. Бөлшек туралы алғашқы түсінік нақты заттар геометриялық фигуралар, шамаларға пркактикалық амалдар қолдану арқылы беріледі.....
Курстық жұмыстар
Толық