Информатика | ЭЕМ-нің құрамы

Аппараттық жабдықтар
Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:
1.Орталық процессор;
2.Енгізу құрылғысы;
3.Есте сақтау құрылғысы;
4.Шығару құрылғысы.
Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады.
Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.
Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.
Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.
Дербес ЭЕМ
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады.Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшалармен жалғастырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Файлдармен жұмыс

Кіріспе
Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцрия физигі Niklaus Wirth ұсынған.Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап , тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді.Солардың ішінде 1983 жылы Борланд корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі Turbo Pascal программалаушылар арасында жоғарғы сұранысқа ие болды.
Бейсик тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі
Turbo Pascal программалау тілінің басқа тілдер сияқты өзіне тән алфавиті бар.
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі − Паскаль. Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | МББЖ Access

Кіріспе
Мәліметтер базасында жобалау кезендері.
Мәліметтер базасында белгілі – бір пәндік облыс туралы ақпарат көрінеді. Пәндік облыс (ПО) деп нақты зертеу үшін қызығұшылық білдіретін реалды әлемнің бөлігі аталады. Автоматтандырылған ақпараттық жүелердепәндік облыстың көрінісі мәліметтердің бірнеше деңгейлерінің модельдерімен ұсынылады. Модельдердің деңгейлерінің саны МББЖ – нің ерекшеліктеріне тәуельді болады. Әрі қарай біздер МББЖ - ге деректер базаларын жобалауда сұрақтарын қарастырамыз, құрылымдық деректер модельдерін қолдаймыз. Модельдер логикалық және физикалыһ деңгейде бөлек түрінде қолданатына қарамастан, методологиялық көзқарастан мөдельдердің деңгейлерін және деректер базаларының жобалау кезендерін бәрі – бір белгілеуге болады.
Деректер базасының даталогиялық моделі (ДМ). Даталогиялық модель логикалық деңгейдің моделі болып табылады және ол деректер элементтерінің логикалық арасындағы байланысты бейнелеп, олардың сақтау сыртқы ортаға да мазмұнына тәуельді болмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Кадрлар бөлімі

КІРІСПЕ
|Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. /1/
Онда:
1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер;
2) Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау;....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Жүйелік плата

ЖҮЙЕЛІК ПЛАТАҒА ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕ
1. Жүйелік плата
Дербес компьютерлердің (System board немесе Mother board ) жүйелік немесе аналық платасы компьютерлердің өндірістігін және архитектурасын анықтайтын жүйелік блоктың негізі болып табылады. Онда келесі міндетті түрдегі қараушылар орнатылады:
• Процессор және сопроцессор
• Жады : тұрақты (ROM немесе Flash BIOS ) оперативті (dram) кэш (SRAM)
• Енгізу-шығарудың міндетті түрдегі жүйелік құрылғылары
• Интерфейсті сұлбалар және құрдың ағытпа (разьем) кеңейтулері
• Қоректену блогынан Power Good немесе Reset батырмасынан сигнал бойынша түсіру жүйесінің қүрылымдық сұлбасымен бірге синхрондаудың кварцты генераторы
• VRM (Voltage Regulation Module ) төменгі вольтті процессорлар үшін кернеу көзінің қосымша стабилизаторы....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Жолдық қатарлар

Кіріспе
Текстік режимде жұмыс
Экранда символдардың шығуы мен түзілуі монитордың видеоадаптерінің жұмысына байланысты болады. Компьютерде орнатылған видеоадаптердің көмегімен символдарды текстік немесе графиктік режимде шығаруға болады.
Көптеген программаларда текстік мәліметтерді Read, Readln, Write, Writeln процедураларының көмегімен енгізу-шығару программаның көрнекі және ыңғайлы болып шығуына жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан Turbo Pascal-да текстік режимде жұмыс істеу үшін қолданылатын арнаулы функциялар мен процедуралар қарастырылған. Олар арнаулы CRT (Cathode Ray Tube display – электронды-сәулелі дисплей) библиотекалық модулі құрамында жазылған. Оларды текстік режимде жұмыс істеуге пайдалану үшін программаның басында CRT модулін USES қызметші сөзінде жазып кету керек. Сонда ғана программалауда CRT модулінің барлық процедуралаы мен функцияларын пайдалануға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық