География | Халықаралық географиялық терминдер

Кіріспе
Жер – су аттарының мағынасын, пайда болуы, қалыптасу, тұрақтану және дұрыс жазылып, айтылу заңдылықтарының зерттейтің топонимикалық ғылымына сұраныс артып келеді. Бұл қазіргі кезенде қоғамда қалыптасып отырған жағдайлармен (тарихи, байырғы атауларының жаңғыртылуы, мемлекеттік тілді ғылыми терминологияның бір жүйеге келтіру мен тұрақтандыру және т.б.)тағыз байланысты.
Топонимиканы пән ретінде жоғары оқу орындарының география, тарих, философия факультетінің оқу жоспарына еңгізудің білікті маман дайындауда маңызы зор екенің тәжірибе дәлелдеп отыр. Мысалы, «Топонимиканегіздері» курсы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің География – экология факультетінде 20 жылдай оқытылып келеді. Бұл пәннің негізгі теориялық мәселелері қазақ топонимиясы негізінде қарастырылады. Өйткені Қазақстан жеріндегі топонимдердің көпшілігі қазақ тілінде және жергілікті топономияда табиғи орта тұрады ақпар да мол. Қазақ топономиясын ұлан - ғайыр Қазақстан жері жайлы тарихи – географияляқ ақпараттардың бірден – бір деп қарау орынды.
Біз ұсынып отырған оқу құралын «географияляқ туризм», географияляқ – тарих» мамандықтарының оқу жоспарларына енгізілген «Топономика негіздері»курсын оқыту барысында пайдалануға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қорық дегеніміз не?Марқакөл қорығының құрылуындағы мақсаты қандай? Марқакөл қорығының физикалық-географиялық ерекшелігі қандай?Марқакөл қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктері дүниесі қандай? Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай? Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондары, реликтілерді, ғылыми зерттеулерге, білім беру – ағарту ісіне, туризмге және рекреацияға арналғанобьектілер ретінде эколигиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Кіріспе
Еуропа жер бедері қалыптасуының күрделі тарихы оның табиғатының барлық компоненттеріне әсерін тигізді. Еуропа үшін жер шарындағы белгілі тектоникалық құрылымдардың және рельеф типтерінің болуы тән.
Қазіргі материктің құрамына кіретін платформалық облыстардың дүние бөлігінің қалыптасуы мен дамуы процесінде Жердің ең зор контитентінің негізін құрған ежелгі Шығыс Еуропа және Сібір платформалары. Солардың төңірегінде Еуразия құрлығының онан әрі ұлғаюы байқалды, олар осы уақытқа дейін өзінің тұтастығын және дамуының платформалық типін сақтаған. Олардың рельефінің қалыптасуында, сондай-ақ көтеріңкі рельеф құруға жеткізген, тектоникалық процестер үлкен роль атқарған.
Европа платформасы Европа жерінде Скандинавия түбегінің шығысын және Финляндияны алып жатқан Балтық қалқанынан және негізгі бөлігі ТМД елдері жерінде жатқан плитаның батыс шетінен тұрады. Рельефі жөнінде оларға Швеция мен Финляндияның жазықтары мен таулы үстірттері, сондай-ак Ютлан¬дия, Дат аралдары, Польша, ГФР солтүстік бөліктері және Нидерланд территориясын түгелдей қамтитын Орта Европа қат-қабатты жазығы сай келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Байқоңыр зымыран әкелетін зардап

1.1. Байқоңыр қаласы және ғарыш айлағы
Байқоңыр ( бұрынғы Ленинск ) – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында орналасқан қала. Іргетасы 1955 жылы қаланған. Тұрғыны – 53 мың адам ( 1997 жылғы халық санағы бойынша ). Климаты – тым континенттік. Бұл аймақтың ауа – райы өте құбылмалы. Қысы-суық, жазы-ыстық, әрі-қуаң, жауын-шашын 90-150мм-дей аз жауады. Сол себепті ауа – райы ылғалсыз, әрі құрғақшылық жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау – тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман – тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердің систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда – эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, қызылды – жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді де, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып, қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта өте көп. Шөбі шүйгін, жұғымды келеді. Бірнеше мың гектар жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойы «аса құпиялы қала» болып есептелініп келді. ....
Курстық жұмыстар
Толық