География | Үнді мұхитына жалпы сипаттама

Кіріспе
Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар.
Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499жж)бері жинала бастады.XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.
XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.
Жұмыстың мақсаты
Бұл жұмыстың мақсаты Үнді мұхитының ашылмаған сырларын болашақта ашу мақсатында жүргізіліп,курстық жұмыс ретінде жазылып тарихы терең,қазынасы мол мұхиттың адам өміріндегі алатын маңызды орын мен мәнін ашу болып табылады.
Жұмыстың міндеті
Мұхитты зерттеу және оны қорғау-адам баласының маңызды міндеті.Мұхитты зерттеуде экспедициялық кемелердің маңызы зор.Қазіргі таңдағы арнаулы аппараттар,батискартар мұхит зерттеушілеріне қарамағындағы мұхитты анықтауға мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Тропиктік белдеуіне сипаттама

Кіріспе
Еврапа климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады. Европа солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдар оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.
Материктің географияльщ орнына, әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай оның мөлшері артады. Сондықтан материктің солтүстік-шығысында қыс қаталдығымен ерекшеленіп, оңда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орнайды, ал оңтүстігінде қыс мүлде болмайды. Жазда Европаның қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары болады.
Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жері Еуразиядағы Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда, материктің көпшілік бөлігінде әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында, климат өте кұрғақ. Бұл кұрлық аумағының өте үлкен болуына, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің сипатына байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Балқаш көлі алабының құрлысы

Кіріспе
Балқаш — Қазақстаннын, солтүстік-шығысында орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың шаршы шақырым, көл ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 605 шақырым, ені тар жерінде 8 шақырым. Жыл мезгіліне байланысты суының деңгейі өзгеріп отырады. Ең терең жері 27 м. Балқаш көлін көптеген саяхатшылар мен ғалымдар зерттеген. Олардың ішінде неміс ғалымы Гумбольдт, орыс ғалым-саяхатшылары И.В. Мушкетов, Л.С. Берг, т.б. зерттеушілерді атауға болады. Балқаш, Алакөл көлдерінің табиғаты мен қазаншұңқырларының пайда болуында ұқсастық бар екенін алғаш рет қазақ халқының дарынды ұлы Шоқан Уәлиханов зерттеп жазды. Ол Балқаш алабына тығыз байланысты Іле және Жоңғар Алатаулары табиғатына, Балқашқа құятын Іле өзеніне ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі теңіз деңгейінен 342 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағалауы тік, сай-жыралармен көп тілімделген, ал оңтүстік жағалауы жайпақ. Балқаш көлінің батыс және шығыс жағалауы палеозой жыныстарынан (порфир, туф, гранит, тақтатас, әктас) түзілген. Іле өзені оңтүстік жағалауында кең атырау жасап қүяды. ....
Курстық жұмыстар
Толық