География | Жер асты суларын жіктеу

Кіріспе
Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алаптық геологиялық құрылысымен анықталады.Жер қыртысында су өткізетін және су өткізбейтін қабаттардың кезектесіп келіп отыруы әдетте, су өткізбейтін қабаттың үстіне орналасқан су өткізетін топырақ қабаттарында бос сұйық сулардың жиналуына жағдай жасайды.
Жер қыртысындағы барлық қуыстарында су толық жиналатын топырақ-жер қабатын сулы қабат,ал оның астына орналасқан су өткізбейтін қабат – сутірегіш деп аталады.
Егер сулы қабатты бұрғылау жолымен немесе құдық қазу арқылы ашқан,ондағы судың деңгейі өзгеріссіз қалса,онда жер асты суларын тегеурінсіз, ал деңгейді-жер асты суларының деңгейі дейді.
Жер қыртысындағы асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда,скважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Әзірбайжан Республикасы

Кіріспе
Әзербайжан - Кавказ сыртының Оңтүстік – Шығыс бөлігін алып жатқан тәуелсіз мемлекет. Ол Кавказ елдері арасында жерінің ауданы мен халқы саны жөнінен жетекші орында.Солтүстігінде Ресей Федеративімен батысында Грузия мен, оңтүстік – батысында Армениямен және Туркиямен, ал, оңтүстігінде Иранмен шектеседі. Елдің әкімшілік шекаралары табиға шектерге (үлкен кавказ және кіші Кавказ таулары), сәйкес келеді. Әзербайжан жері шығысында Каспий теңізі суларымен шайылып жатыр, сол себепті Түркіменстан мен және Қазақстан мен теңіздік шекаралары бар. Осы аталғандар негізінде елдің географиялық орнын экономикалық және геосаяси тұрғыдан қолайлы болып бағалануда.
Мемлекеттің ресми аталуы - Әзірбайжан Республикасы. Территориясы – 86,6 мың км2. Тұрғындары – 8,14 млн. адам. Астанасы – Баку қаласы (1,8 млн. тұрғын).
Мемлекеттік құрылысы. Әзірбайжан – унитарлық демократиялық мемлекет, президенттік республика. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – парламент (мини мәжіліс – ұлттық шақырылым), ол палатадан тұрады, онда 125 тағайындалушы бес жылға депутаттыққа сайланады. Орындаушы билікті ел президенті сайлайтын және мини мәжіліспен бектілетін билікпен жүзеге асырылады «министрлер Кабинеті). Билік басшысы – премьер-министр.....
Курстық жұмыстар
Толық