Бухгалтерлік есеп | Ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің аудиті

КІРІСПЕ
Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады. Қаржылық есептілік, аудиттің маңызды объектісі болып табылады, ол оның мәліметтерінің дұрыстығын анықтау үшін арналған. Аудит ғылымның жаңа саласы ретінде пайдаланылып, оның теориялық және практикалық бағыттарын дамыту қажет етеді. Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. 2004 жылы бухгалтерлік есеп методология департаменті қаржылық есеп беру ұлтық стандарты жасақталынды. Қаржылық есеп бере екі бөліммнен түрады. Бірінші бөлім жеке кәсіпкерлер және орташа кәсіпорындарға арналған, екінші бөлімі Қазақстан территориясындағы үлкен кәсіпорындарға және шетелдік серіптестік ұйымдарға арналған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қаржылық шаруашылық қызметке ие Қазақстандағы кәсіпорындар қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарына көшті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары

Кіріспе.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйсінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эммисиялық құқығы негізінде эканомиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша қолма-қолсыз ақша массасы тепе-теңдік саясатын жүргізеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру

КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттыққа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондыңтан да бiз бүгiнгi таңдағы әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк iсiнiң дамуындағы қызметтердiң әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында қолданғанымыз абзал.
Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы, қарастырылып отырған банк қызметiмен үзеңгiлес қаржы тәуекелi, оны басқару әдiстерi Қазақстанның банк жұйесiн дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық