Бухгалтерлік есеп | Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты

Кіріспе
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері,ережелері мен қағидалары белгіленген,онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына,олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған. Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы,құндық өлшемдері,ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс.Басқаша айтқанда,есептік саясат-бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген. Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн: -кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы; -толассыз қызметі; -есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі; -шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ

КІРІСПЕ
Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, үсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.
Осы замандағы макроэкономикалық зерттеулерде тепе-теңдікке бағытталу көбінесе экономикалық агенттердің күтімдеріне түзету жасауға негізделеді, ықтималдық процесс деп түсініледі.
XX ғ. 40—60 жж. күтімдер концепциясының (негізін қалаушы швед экономисі Г.Мюрдаль) дамуы, макроэкономикалық мәселелерге жататын бірнеше экономикалық теорияларды, атап айтқанда экстраполяциялық, адаптивтік және рационалдық күтімдер теорияларын қалыптастырды: осы теориялар макроэкономикада жаңа классикалық мектеп деп аталады. Неоклассиктер макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз информация, экономикалық субъектілердің болжауларының қателіктерінің немесе, мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде пайда болған, экономикалық конъюнктураның ауытқуларын жатқызады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | Еңбекақы есебі, оны талдау және жетілдіру жолдары

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Жұмыстың негізгі мақсаты – еңбекақы есебі, оны талдау, аудит жүргізу және еңбекақы есебінің жетілдіру жолдарын зерттеу. Атап айтқанда:
• Еңбекақы түрлері мен нысандары;
• Еңбекақыны аудару тәртібі және одан алынатын ұсталымдарды анықтау;
• Еңбекақысын төлеу және оны ұйымдастыру жолдарымен танысу;
• Еңбекақы аудитін жүргізу тәртібін қарастыру;
сияқты негізгі мәселелер қарастырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық