Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік басқару есебі

Кіріспе
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндеттернің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорында басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал-тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін (табыстылығын) қамтамасыз етуі тиіс.
Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпаратты ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы басқалары да пайдаланады. Кез-келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реформалау ұдайы жүргізіледі. Есептің халықаралық жүйесіне көшу қолға алынды, осыған орай қазақстандық кәсіпорындардың тәжірибесіне қаржылық және басқарушылық есепті енгізу үшін нормативті құжаттар әзірленді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік баланс типтері

Кіріспе.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені қойды. Бухгалтерлік есеп – бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалай тиымдылығына кәсіпкерлер, бизнесменден, меншік иелері және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдіру, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі – жиі өзгеріске түсетін болады. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теория және қолданбалы негізін білу құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді шешім қабылдау, бухгалтерлік есепті жетілдіру ерекше орын алады.
«Қазақстан-2030» стратегиясында анықталған мақсаттарға жету үшін экономиканың тұрақты және қарқынды өсуі қажет. Отандық экономистердің есебі бойынша Қазақстан 2030 жылы индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу үшін экономикалық дамудың жоғарғы деңгейін ұстап отыруымыз керек. Сондықтан Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық реформаларды тездетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық