Банк ісі | Ұлттық Банк, оның міндеті және қызметтері

Кіріспе
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа несие бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-несие саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі

КІРІСПЕ
Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
"Жалға беру" деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық жал - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн. Жалданған НҚ объектiлерi белгiленген келiсiм бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн өтемі төленiп алынған жағдайда, жалгердiң меншiгiне берiлyi мүмкін.
Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс 001-шотта ескереді.
Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттарындағы «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар» субшотында ескеріледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.....
Курстық жұмыстар
Толық