Қазақ тілі | Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні

Еліміздің әрбір азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін білуі керек, сонымен қатар, туған тілінің асыл қазынасының інжу - маржанын тізе білу, өз тілін зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтап, дамыта беру – әрбір жас ұрпақтың ізгілікті борышы деп ойлаймын. Сондықтан да, менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні» Алдымен, диалектология туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін.
Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы - диалектология (диалектос - сөйлеу, сөйленіс, логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.
Диалект – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы.
Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі.
Мәселен, Қазақстан жерінде диалект 2 - 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 - 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды.
Диалект сөздерді ХХ ғасырдың ІІ жартысыннан бастап зерттеген ғалымдар да бұл жағынан өз еңбектерін жазды. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы», Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы», С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», Х. Кәрімов «Қазақ диалектологиясы», Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» Ал, қазақ сөйленістерін бөлек – бөлек зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, кейінірек шыққан Ш. Сарыбаев, Ғ. Қалиевтің «Қазақ диалектологиясы» оқу құралында сөйленістер төмендегідей топтарға жіктелген:.....
Ғылыми жобалар
Толық

Экология | Арал теңізінің ғаламдық мәселелерін қарастыру шаралары

І. Кіріспе
Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53, 0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66, 1 мың км кв, орташа тереңдігі 16, 1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Сыр елі азаматтарының Еуропаны азат етуге қосқан үлесі

Сыр елі азаматтарының Еуропаны азат етуге қосқан үлесі
Биылғы жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67-жылдығы, тарих өз дегенін алуда. Сол жеңіске жарты ғасырдан астам уақыт өтіп ел жаңарып өзгерістер болып жатыр. Алайда бұл жеңістің құндылығы қанша уақыт өтсе де өзінің мәнін жояр емес, тарихта мәңгі қалады. Қазақстан тарихында қазақ халқының Ұлы Отан соғысына қатысқаны ерлігі Әлия, Мәншүк сияқты батыр қыздарымыздың аты төл тарихымыздан орын алды. Алайда Қазақстандық азаматтардың әсіресе Европаны азат етуге қатысқан немесе қарсыласу қозғалысына қатысқаны жайлы мәліметтер тарихымызға толық енбеді деп есептесек жаңылмаймыз. Өйткені Қазақстандықтардың шетелдіктерде жүріп қарсыласу қозғалысына қатысқандығы жөніндегі мәліметтер 50-ші жылдардың соңғы ширегінде ғана баспаға шыға бастады. .....
Ғылыми жобалар
Толық