| Боранқұлдың шаруашылығы

Боранқұл — Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы ауыл, Боранқұл ауылдық округінің орталығы, темір жол станциясы.
Географиялық орналасуы: аудан орталығы — Бейнеу кентінен солтүстік - батысқа қарай 108 км жерде, Каспий маңы ойпатындағы Қарақұмның оңтүстік - шығысында шөлді белдемде орналасқан. (Қосымша 1)
Халқы:
5700 адам (1997);
4913 адам (2406 ер және 2507 әйел адам) (1999);
6310 адам (3116 ер және 3194 әйел адам) (2009);
7335 адам (2016).
Боранқұл селолық округі бойынша 2016 жылы 197 сәби дүниеге келіп, тұрғындар саны 7335 жетті. 40 жас отау шаңырақ көтеріп, отбасы саны 1280 - ді құрады. Мектеп жасындағы балалар саны – 1824, мектепке дейінгі балалар саны – 1038, балабақшадағы бала саны – 301, зейнеткерлер саны – м424, оның ішінде 1 – еуі Ұлы Отан соғысы ардагері, оған теңестірілгендері – 2, ауған соғысының ардагерлері – 4, тылда еңбек еткендері – 10, мүгедектер саны – 142 адам. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Жұмбақ және оның түрлері

Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән - мағынасының артып отырғандығында.
Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал - мәтелдер, т. б. сияқты ұсақ жанрлар деп аталғанымен, жұмбақтар - халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы.
Жұмбақтар жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, жұмбақтарды пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді. .....
Ғылыми жобалар
Толық