Экология | Қоқыс ғасыр мәселесі

Жұмыр жерді мекендейтін сан - мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер - анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»- тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл - қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл - қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыз - дағы күл - қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер - жерінде есепке алынбаған тау - тау күл - қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл - қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл - қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат - бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.....
Ғылыми жобалар
Толық

Экология | Су тіршілік көзі

Ата – анам таңертең салқын сумен жуын, ол денсаулыққа пайдалы дейді. Бірақ ол қалай пайдалы екенін ойланбаймыз?
Сұрақтың жауабын табуда маған ой келді. Неге ерте салқын сумен жуынамыз, неге үлкендер суды төге берме дейді. Осыларды білгім келді. Сондықтан зерттегім келді. Жобаны жазу мақсатым – судың қасиеттерімен маңызымен, табиғи сулармен, газдалған, шипалы сулармен танысып, лас суларды тазартуды оқу, меңгеру болды.
Адам өмірінде судың орны бөлек. Сусыз өмір жоқ, су – тіршілік көзі. Адам 1 апта су ішпей жүре алады. Су адамның зейінін ашады. Жер бетінің 3тен 2 бөлігін су алып жатыр.
Суға сипаттама берсек:
Судың дәмі, исі, түсі жоқ сұйық. Су – адамның зейінін ашады. Қасиеті – судың аққыштық қасиеті бар, ол көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды. Заттың 3 күйінде болады. Мысалы: мұз – қатты, су – сұйық, бу – газ.
22. 03 – су қорларын сақтау күні.
Химиялық формуласы Н2О.
Пайдаланған су шайынды суға айналады. Ол лас су. Қазіргі кезде лас суды тазартатын қондырғылар бар. .....
Ғылыми жобалар
Толық