Педагогика | Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

Кіріспе
Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу - білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.
Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру – қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.
Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. «Отан - от басынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі - Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт - дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі......
Ғылыми жобалар
Толық

Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері

Тақырыбы: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру «әдістері»
І. Кіріспе
Жерлесіміз ұлттық педагогиканы мұрат тұтқан Ш. Әленұлы «Педагогика кітабында»: «Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беру керек. Ұлттық мектептің алға қойған ең негізгі мақсаты, маңызды міндеті де осы болмақ» деген еді.
ҚР - ның үздік білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі болып патриоттық тәрбиенің бекітілуі де бекер емес. Шынында да, ұлтқа деген сүйіспеншілігі жоқ адамнан адамгершілікті де, сұлулықты да, мәдениетті күтуге болмайды. Ендеше, патриоттық тәрбие - тәрбиенің басты бағыттарының бастауы десек, қателеспейміз. .....
Ғылыми жобалар
Толық