Биология | Құмырсқа

Құмырсқа (Formicidae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.
Денесі, басы, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі......
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Аққу киелі құс

Салмағы 5 - 10 кг, ең ірісі 13 кг - ға жетеді. Қанатын жайғандағы ұзындығы 150 - 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады.

Аққу жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 - 7 - ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 19 - 20 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді.

Аққудың алты - жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанда мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.

Шипун – аққулары наурыз айына 5 - 10 жұмыртқа алып қалады да, ұрғашысы оны 5 аптада басып шығарады. Сол уақытта ата аққу ұрғашысы мен көгілдірлерін қорғап жүреді. Сонымен қатар, ата аққулар осы уақытта ұрғашыларын ауыстырып та отырады.

Аққу үш - төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес түлейді” деген мақалға сай ол да үш - төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді, әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын “саһар”, балапанын “көгілдір”, мойнын “сұңғақ” деп дәріптейді......
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Таза судың болашағы

Кіріспе.
Суды біз ауылдарда КБМ және «кран астынан» (колонка) күнделікті пайдаланамыз. Сумен қамтамасыз ету адам экологиясы және қоршаған орта лаборатория көсеткіштері бойынша судың 90 пайызы құбыр желісі арқылы жіберіледі, бірақ санитарлық мөлшерге сәйкес келмейді. Ең негізгі себеп: адам денсаулығына зиян келтіретін нитрат, пестициттердің, мүнай заттары және ауыр металды тұздардың болуы. Онымен қоса өндірістерден шығаратын судың химиялық құрамына - ішек таяқшасы, патогендік микроорганизмдер, тырысқақ вибрионы т. б бактериялар қосылады. Сондықтан осы проблема өте маңызды да өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу нысаны:
Зерттеу нысаны – кәдімгі су құбыры желісінен алынған су, ауылдағы ауыз су бағдарламасы бойынша орнатылған КБМ (комплексті блок – модуль)
Болжам.
Егер су мөлдір, дәмі жағымсыз және иісі болмаса, сонымен қатар егер хлор құрамы, сутегі көрсеткіші және тұзды су нормаға қанағат етерліктей болса, онда ас суға қолдануға жарамды.
Зерттеу мақсаты:
Болжамға сәйкес, зерттеу мақсаты су құбыры желісіндегі су Жалпы Мемлекеттік Стандарт талаптарына сай екендігін анықтау......
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Алоэның пайдасы

Шығармашылықтың мақсаты: Мектеп оқушыларының денінің сау және үйлесімді түрде дамуы үшін оларға салауатты өмір сүруге, алу үшін, дәрілік өсімдіктерді пайдаланып, оның құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың ағзаға әсері бар екендігін қалыптастыру.
Шығармашылық міндеттері:
1. Салауатты өмір салтын сақтауға баулу, сауығудың практикалық әдіс - тәсілдерін қолдану.
2. Ғылымның соңғы жетістіктері негізінде денсаулық нығайту мен салауатты өмір салтын сақтау тәсілдерін оқып үйрену.

Болжам:
1. Егер оқушының салауатты өмір сүру салтын арттырса, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптасады.
2. Денсаулық нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктердің бірі алоэны пайдалану жолдарын жүзеге асырады.

Күтілетін нәтиже:
1. Емдік қасиетіне байланысты «Үй гүлдерінің королі» алоэны баптап күтуге атсалыса білуі.
2. Алоэ шырынын әр түрлі ауруларға қолдана білуге қол жеткізу......
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Зең саңырауқұлақтары

ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ:
Адамның өміріндегі зең саңырауқұлақтарының рөлін бағалап, олардың басым түсетін оң немесе теріс әрекеттерін анықтау.
ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:
Бастауыш сынып оқушылары зең саңырауқұлақтарының тұрмыстағы пайдасы мен зиянын жақсы білу керек.
ЗЕРТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ:
1. Неліктен саңырауқұлақтар ерекше патшалық екендігін білу.
2. Адам өміріндегі зеңнің теріс рөлін анықтау.
3. Адам өміріндегі зеңнің оң рөлін анықтау.
4. «Екі жақты» салыстыру және басым түскен рөлді анықтау.
5. Зең саңырауқұлақтарының дамуы үшін қажетті жағдайларды тәжірибелік түрде анықтау.
ЗЕРТТЕУДІҢ БОЛЖАМЫ:
Егер біз зең саңырауқұлақтарының оң және теріс әрекетін бағаласақ, онда олардың биосферадағы заттардың айналымында үлкен рөлді атқаратындығы туралы қорытындыға келеміз......
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Қызылша пайдасы көп

Адам денсаулығы үшін қызылшаның қандай пайдасы бар және оларды қалай пайдалану керек екендігін жайлы айту. Олардың денсаулыққа пайдасы көп екенін дәлелдеу. Жер - жаһанды өзінің қанық түсімен бүлдіріп жүретін біріміздің сүйікті, енді біріміздің ауызға ала алмайтын көкөністеріміздің бірі қызылшаның құпиясын бірге ашайық.
Зерттеу болжамы:
Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерімен жұмыс істедім.
Кіріспе
Қызылша – алабота тұқымдас екі жылдық өсімдік. Ол орташа суыққа ғана төзімді, әртүрлі пішінді болады. Қызылша тағам үшін де, ем үшін де өте пайдалы. Аурудан тез айығу үшін ежелгі грек дәрігерлері қызылша шырынын ұсынған. Ол асқазан - ішек ауруларына, әсіресе іш қатқан кезде ем ретінде қолданылады.. Аш қарынға 100 - 200 грамм қызылша жеген жөн. Тамыр жемісінің түсі қою қызыл болғаны пайдалы. Белоктарды ажыратып, бойға сіңіреді де зат алмасуға жақсы әсер етеді. Оның бойындағы холин бауырдың қызметін күшейтеді, сондай - ақ бауырмен өт жолдары және қан аздық ауруының алдын алып, шипа бола алады. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Сарымсақтың пайдасы

Мақсаты: Пияз тұқымдасына жататын түйнек – пиязшықты, тамыр сабақты, көпжылдық өсімдік сарымсақтың алуан турлері мен пайдасы туралы түсінік беріп, насихаттау.
Жоба жұмысының жоспары
І. Кіріспе
А) Пияз тұқымдасы туралы түсінік беру
II. Негізгі бөлім.
А) Сарымсақтың шығу тарихы
Ә) Сарымсақтың биологиялық, химиялық құрамы
Б) Сарымсақтың емдік қасиеті
В) Сарымсақтың пайдасы
Г) Сарымсақ туралы қызықты мәліметтер
Ғ) Пайдалы кеңестер
Д) Сарымсақтың өсу жолы ( эксперимент жұмыстар)
ІІІ. Қорытынды
Ү. Ұсыныстар
Мақсатыма жету үшін қолданған әдіс – тәсілдерім:
• Сұрақ – жауап
• Пікірлесу
• талдау – жинақтау
• Тәжірибе жасау .....
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Су тіршілік нәрі

Зерттеудің мақсаты: Адам денсаулығы үшін ауыз су сапасының маңыздылығын айта отырып, судың қасиеттерімен химиялық, құрамымен, ағзада әсер ететін факторлардың болуы не болмауын сипаттау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Жер бетінде адамзат баласы өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, өзі аясында тіршілік ететін табиғатынан тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болмақ.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі: Зерттеу жұмысы барысында газет, журнал, кітаптар, интернет арқылы материалдарын қолданылды, зерттеу жүйелеу қорыту әдістері қолданылды..
Зерттеудің жаңалығы мен дербестігі: Судың құрамын, сапасын зерттей отырып, қолданылатын судың экологиялық жағынан қауіпсіз болуын көрсету.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Жоғары сапалы суды пайдалану қоғамның салауатты өмір салтының кепілі, демек оның тұрмыс жағдайының жақсартуының кепілі екенін көрсетеді......
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Емдік өсімдіктер

Алтын тамыр.
Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2, 5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді.
Тұнба жасау: 50 г майдаланған шикізатты 0, 5 л 40 %- тік спиртке қосып 2 апта қараңғы, жылы жерге қойылады. Сусамырмен ауыратын науқас 20-30 тамшыдан тамақ алдында 3 рет қабылдауы керек. Фармацевтикалық өндірісте жасалатын сұйық экстрактын 5-10 тамшыдан 3 рет тамақ алдында 30 минут бұрын қабылдаған дұрыс. Ем қабылдау мерзімі 10-20 күн. Сусамырмен науқастанып қалған адам ем қабылдағаннан кейін сергектеліп, жыныстық мүше функциясының артып, полиурия (шыжыңдық) кемігенін байқауы тиіс......
Ғылыми жобалар
Толық