Саясаттану | «Тұран» геосаяси бағыты түркі халықтарының бірлестігі

КІРІСПЕ
Бітіру жұмысы «Тұран» геосаяси бағыты: түркі халықтарының бірлестігін құру идеясын зерттеуге арналған.
«Тұран» - ежелгі парсы сөзі. Алғаш рет «Тұран» ұғымы зороастрийлік – отқа табынушылылардың қасиетті мәтіндерінде пайда болады. Бұл ұғым парсылар үшін дұшпандық көшпелі түркілер әлемін білдіреді. Содан бері «Тұран» - түркілер үшін қасиетті ұғым. ХХ ғасырдағы қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев: «… Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып-өскен…», - деп жырлайды.[1]
Уақыт өте келе «Тұран» ұғымы түркілердің саяси идеологиясының да орталық ұғымына айналады. ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында Ресей империясында татар интеллигенциясының мәдени-ағарту қозғалысы ретінде пайда болған пантюркизм идеясының бастапқы көздеген мақсаты түркі халықтарын ағарту және олардың жалпы прогрессі болса, кейіннен ол барлық түркі әлемін Түркия басшылығымен бір мемлекетке біріктіру мақсатына дейін өсті. Пантюркизм идеясын жүзеге асырудың соңғы сатысы болып саналатын пантуранизм доктринасы түркі тектес халықтарды, сондай-ақ тұрандық халықтарды (венгр, фин, эстон, мари, мордва, монғол, т.б.) «Ұлы Тұран» федерациясына біріктіруды мақсат етеді. Әр түрлі тарихи кезеңдерде әлемде қалыптасқан саяси жағдайға байланысты пантюркизм әр қилы ағымдарға айналып отырды: біресе үстемдік етуші идеологияға айналса, біресе жай ғана теоретикалық зерттеулер нысаны болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы

КІРІСПЕ
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыру керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.
Осы тұрғыдан келгенде еліміз тәуелсіздік алған кезден (1991 жылдың желтоқсаны) бастап мемлекеттігімізді жаңадан құру барысында оны басқару жүйесі өзгермелі жағдайларға жиі ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Сақтандыру заңы | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру тарифтік саясат

Кіріспе
Қазақстанның сақтандыру нарығы бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операңияларын жүргізудің монопольдык кұкығына Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді тек бүдан бірнеше жыл бүрын Мемлекеттік сақтандырү үйымдарымен экономикалык және үйымдык түрғыдан байланысты емес дербес сақтандыру үйымдары кұрылып, дами бастады .
Қазакстан Рёопубликасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және казіргі уақытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірей құқықтық дәрежеге ие болды. Сақтандыру нарығы бұл бір жағынан сақтандыру қызметіне деген сұраным да екінші жағынан ұсыну шараларының жиынтығы .
Отандық сақтандыру нарығы өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артка тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды . Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы калыптасты деп айтуға болады .....
Курстық жұмыстар
Толық

Сақтандыру заңы | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ІСІН ЖЕТІЛДІРУ

КІРІСПЕ
Қазақстанның сақтандыру нарығы бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты . Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операцияларын жүргізудің монопольдық құқығына Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді , тек бұдан бірнеше жыл бұрын Мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен экономикалық және ұйымдық тұрғыдан байланысты емес , дербес сақтандыру ұйымдары құрылып , дами бастады .
Отандық сақтандыру нарығы өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артқа тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды . Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы қалыптасты деп айтуға болады . Бұрындары тек шетелдерде қолданылып келген сақтандырудың жаңа түрлері енгізіліп, жауапкершілік артуда .
Сақтандыру экономиканың маңызды әрі аз зерттелген саласы болып табылады . Қазақстанда өзінің даму кезеңінде болуына қарамастан , ерте кезде пайда болған . Содан бері жазатайым жағдайлардан сақтандыру жүйесі арқылы қорғап , адамзаттың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып даму жолында. Қазіргі кезде сақтандыру ісін ұйымдастыру бір жағынан нарықтық экономиканың әрекет етіуінің жалпы экономикалық заңдылықтарына сүйенсе , екінші жағынан оған Қазақстан Республикасының өтіуінің өзіндік ерекшілігімен сипатталады .....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық жүйесі | Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері

Кіріспе
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.
Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің дамуы 3 кезеңнен өтті.
Бірінші кезең. 1991 жылы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемелекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.
Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу:
1. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.....
Курстық жұмыстар
Толық