Әдебиет | Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы патриотизм

Зерттеудің мақсаты:
Мұқағали ақынның Отансүйгіштік тақырыбындағы шығармаларын зерттеу, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Мұқағали ақынның ақындық әлеміндегі Отанға, туған елге, жерге арналған өлеңдеріндегі ойларды қосымша ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге, ақындық кредосын (ойының түп қазығын) табу, зерттеу.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезең: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық дүниесіне шолу, соның ішінде Отан тақырыбында, халқына, туған жеріне деген махаббат сезімдеріне толы өлеңдерін саралау.
Екінші кезең: Мұқағали туралы естеліктерді жинау, газет - журналдардан «Ақынның өмірде зерттегені - алдымен өзін зерттегені»деген тақырыпқа сәйкес материалдар іздеу. Отан, туған жер туралы шығармаларына, поэмаларына, аудармаларына, прозалық шығармаларына шолу жасау. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Жаяу Мұса әнші ақындар тобының көрнекті өкілі

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.
Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс - салтымен, наным - сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі......
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиеті | Қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай хан бейнесі

“Қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай хан бейнесі” тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты - биыл туылғанына 300 жыл толған қазақ тарихында өшпес орны бар Абылай бейнесіне қатысты аңыз бен ақиқат мәселесін зерделеу, идеалды билеушінің бейнесін жасаған қазақ аңыздарындағы Абылай ханның ерекше қасиеттерін ашу. Зерттеу жұмысында маңызды оқиғалар мен көрнекті тұлғаларға берген халықтың бағасын, қарым - қатынасын көрсетуде аңыз әңгімелердің орны ерекше екендігі айтыла келе, Абылай туралы аңыздар мен қазақ фольклорында жиі кездесетін тұрақты мотивтер талданған. Қазақ аңыздарындағы Абылай ханға берген халықтың бағасын көрсету үшін Абылай хан туралы аңыздарды жинақтай отырып, Абылай бейнесі, оның мінез қырлары жан - жақты ашылған. Атақты ханның бейнесі елдің рухында азаттықтың рәмізіндей болып сақталып, бүгінгі күнге дейін жетуі Абылайдың тектілігінен, елді жаудан қорғаған батыр, дарынды қолбасшы, халқын даналық істермен басқарған билеуші болғандығынан екендігі көрсетілген. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Әжеден қалған асыл мұрам киіз басу өнер маған

Зерттеудің мақсаты: Бұрынғы өткен ата-баба, шебер әжелеріміздің ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту, бізге қалдырған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету. Табиғи жүннің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу. Тұрмыста қолдана білу.
Пайдалы кеңестер: Жүннен жасалған бұйымдар-Ревматизм, остеохондроз, радикулит т\б ауруларға ем.
Мәлімет: Жануарлар терімен бірге ланолин шайырын бөледі. Ланолин – бағалы өнім, ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. Ланолин 35-37 градус температурада ериді, әрі теріге тез сіңеді. Бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналысын жақсартады. Қойдың жүні екіге бөлінеді.
1. Жабағы жүн – күн жылып, мамыражай уақытта, яғни жаз айларында қойдың жүнін қырқып алынады. Жұмсақ, қылшығы ұзын, бұйра нәзік болады. Жіп иіріп кілем тоқуға, киім тоқуға, күзем жүнге араластырып киіз басуға қолайлы. 2. Күзем жүн – күз мезгілінде қой жүнін қырқып алынады. Жабағы жүнге қарағанда қылшықтары қысқа болады.
Орындалу әдісі: видео, киіз басу, бұйым тігу.
Қорытынды: Жасыратыны жоқ, жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған заманда синтетикалық бұйымдардың көбейіп кетуі, адам ағзасына кері әсер етуі табиғи жүндердің жоқ болып кетуіне себепші болып отыр. Осыған орай киіз басу технологиясын қолданып, киізден кәжекей, бас киім, аяқ киім өңдеп, ұсынып отырмыз......
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | М Әуезов Абай жолы романындағы әйелдер образы

Еліміз егемендік алғалы бері қазақ әдебиеті тарихының ежелгі және орта ғасыр дәуірі дербес пән ретінде бұрынғыдан да кең көлемде әрі тұрақты түрде оқытыла бастады. Өйткені дәуір шындығын, заман ақиқатын қалпына келтіріп жатқан ұлы бетбұрыс кезеңінде бізге көненің көзіндей болып ғасырлар қойнауынан жеткен рухани мұраларды, соның ішінде жазба әдеби жәдігерлерін танып - білудің қажеттігі ерекше артып отыр.
Өйткені жазба мұраның осы күнге толық түп нұсқасы жетпей, архивтерде шаң басып жатқаны бірімізге аян. Яғни, осы деректерді алып ғылыми түрде дәлелдеу , жарыққа шығару қажеттілігі туындайды. Тарихи дерек пен тәжірибе жекенің жадында сақталады. Бұл орайда халықтың жады арқылы жеткен мұралардың деректік тұрғыдан объективтілігі басымдау болады. .....
Ғылыми жобалар
Толық