Тарих | Оқшы ата киелілер ордасы

Оқшы ата - киелілер ордасы
Қойнауы құпияға толы Сыр өңірінде көненің көзі де, бүгіннің өзі де бар. Қасиетті Сыр топырағы бүкіләлемдік тарихта өзіндік орны бар өлке. Ата - бабамыздың ежелден кіндік қаны тамып, ұрпағын өрбіткен киелі мекенінде бүгінгі кезеңде жадыңнан өшпейтін асылдың сынағындай небір мұраларымыз бар. Ежелгі өркениеттің белгісі ретінде сыры кетсе де сыны кетпеген ғажайып тарихи ескерткіштер мен мазарлар соның куәсі. Осындай тарихи мұраларды қорғау - халқымыздың сан мың ғасыр бастан кешкен тарихын, мәдениетін, өнерін, салтын, тілін қорғау деген сөз.
Осы бағытта тарихи - археологиялық және сәулеттік ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, сондай - ақ жұртшылыққа олардың құндылығы мен маңызын таныту, жас ұрпақ тәрбиесіндегі алар орнын арттыру жөнінде біршама іс - шаралар жүргізіліп отыр. Міне, осындай мұрағаттардың бірі - Оқшы Ата мазары, ал тарихи мәліметтерге сүйенсек, ол оғыз - қыпшақ заманының жәдігері болып табылады. Кезінде ұланғайыр іс тындырып, тіршілікке тұтқа бола біліп, кейінгі ұрпаққа ұлағатты үлгі еткен ұлы бабалардың аманатына адалдықты сақтау адамдық та, азаматтық та асыл парызымыз......
Ғылыми жобалар
Толық