Тарих | В И Пацаев атындағы мектеп тарихы

Тарихы терең, тағлымы мол білім ордасы
2012 жылы біздің мектебіміз 80 жылдық мерейтойын белгілеп өтті.
80 жыл – бұл дүние тарихы үшін қысқа мерзім, ал білім ордасы үшін – тарихтың бір бөлігі.
Мектеп құрылысы 1929 жылы жергілікті бор карьерінен алынған бор блок материалынан басталды. 1932 жылы ашылған мектеп Алға темір жол станциясындағы жалғыз ғана білім ордасы болған. Заман талабына сай 1967 жылы мектептің оқу корпусы, оқу кластары, спорт зал, оқу шеберханасы, асхана т. б. қажеттілігіне байланысты жаңадан салынды.
Орта мектеп ретінде 1939 жылы алғашқы түлектер бітіріп шықты.
Мектептің өткен тарихына жүгінсек, 50 ден астам адам белгілі ғалым, ұстаз, инженер, дәрігер, ауыл шаруашылығының мамандары атанды. Түлектер арасында ҰОС қатысушылары, ұшқыш, профессор, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары да бар. Бүгінгі таңда мектеп тарихында Кеңес Одағының батыры, ұшқыш – космонавт, алғалық В. И. Пацаевтың есімінің болуының өзі зор мақтаныш......
Ғылыми жобалар
Толық